ТАЛДЫҚОРҒАНДА 45 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ. ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 28.07.2022
Оқылды: 1520
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы тәулікте Талдықорған қаласының 45 тұрғынынан коронавирус анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Пандемия басталғаннан бері Жетісу облысында індеттің 36 892 зертханалық расталған жағдайы тіркелген. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша вирустың өсу қарқыны 0,1-ден 0,2 пайызға дейін өсті. Соңғы аптада облыста 595 жағдай тіркелсе, екі апталық көрсеткіш 923 болып тұр. Аймақта соңғы тәулікте COVID-19-дың 74 жағдайы анықталған.

Жетісу облысында сырқаттану көрсеткіші мынадай: Талдықорған қаласында – 45, Қаратал ауданында – 13, Ескелді ауданында – 4, Текелі қаласында, Алакөл және Панфилов аудандарында – 2 жағдайдан тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"