ДӘРІГЕР БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ӘЙЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШТЫ

Уақыты: 30.08.2022
Оқылды: 1424
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Зарина Шерниязова ұзақ уақыт ауруханада балалар невропатологы болып жұмыс істеді. Жұмыс барысында персонал мен жабдықтың жетіспеуінен ұзақ уақытт кезекке тап болатын. Содан кейін оған медицина саласында жеке кәсіп ашу идеясы келді.

Зарина тұрақты еңбекақысы бар аудандық ауруханадан шыққаннан кейін "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Содан кейін кеңес алу және несие бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Мамандар мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп, жеңілдетілген несие беруге қатысу үшін құжаттар пакетін жинауға көмектесті. Содан кейін ол "Еңбек" бағдарламасы аясында "Atameken Zhetysu" МҚҰ арқылы 5 млн.теңге көлемінде 6%-бен несие алды. Осы қаражатқа ол ЭЭГ медициналық аппаратын сатып алды. Есік қаласынан медициналық орталық ашты.

Кәсіпкер әйелдің айтуынша, «РДЦ Мед» орталығында 3 адам жұмыс істейді, ай сайын оларға 40-қа жуық пациент жүгінеді. Болашақта Зарина тағы бір ЭЭГ аппаратын сатып алып, қолданыстағы бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаевтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 119 кәсіпкер микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) арқылы жеңілдетілген несие алған.

Естеріңізге сала кетейік, "Бастау Бизнес" жобасының өткен жылдардағы түлектері "Atameken Zhetysu" микроқаржы ұйымында 6 пайызбен жеңілдетілген несие ала алады. Несие кез-келген бизнес мақсатына беріледі. Кепіл үшін барлық жылжымайтын мүлік жарамды. Кеңес алу үшін және өтінім беру үшін кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына жүгіну қажет.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"