ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖЕТІСУДА. ЕКІ КҮНДІК САПАРДА ҚАЙ ЖЕРЛЕРДЕ БОЛАДЫ?

Уақыты: 12.07.2023
Оқылды: 1389
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният белгіленген жоспар бойынша Жетісуға іс-сапармен келеді. Министрдің кездесуі екі күнге жоспарланған. Бұл жөнінде 7su.kz желілік басылымы хабарлайды. 


12 шілде. Әуелі Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылындағы орталық ауруханамен танысып, іргесіндегі Шымыр ауылында жаңадан бой көтерген дәрігерлік амбулаторияның жұмысын көреді. Одан кейін Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында болмақ. Күн соңына қарай Жетісудағы білікті дәрігерлермен арнайы кездесіп, басқарма басшыларымен жолықпақ. 

13 шілде. Бұл күнді облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен болатын кездесумен бастамақ. Одан кейін Талдықорғандағы "Оқушылар сарайында" болып, бірқатар адамдармен жолығады. Содан арнайы журналистер алдына шығып, іс-сапар турасында айтады. Тілшілер қауымымен жолығып болғаннан кейін азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдамақ.