Ажар Ғиният отставкаға кетуге дайын екенін айтты

Уақыты: 14.07.2023
Оқылды: 1515
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Жетісу облысының халқымен кездесу кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қандай жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Zakon.kz сайтының мәліметінше министр бірнеше медициналық нысандарды аралап, одан кейін өңір тұрғындарымен кездесті.

Облыс белсенділерінің бірі Ажар Ғинияттан: "Егер өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер тиісті түрде шешілмесе, отставкаға кетуге дайынсыз ба" деп сұрады.

"Егер менің атқарған жұмысым жеткіліксіз болып жатса немесе Президент мені қабылдап, дұрыс жұмыс істемей жатқанымды айтып, отставкаға кетуімді сұраса, онда мен оған дайынмын", – деді Денсаулық сақтау министрі.

Денсаулық сақтау министрінің Жетісу облысындағы жұмыс сапары екі күнге созылды. Бүгін, 2023 жылдың 13 шілдесінде Ажар Ғиният Астанаға аттанады.

Фото: ғаламтордан алынды