Медициналық орталық кеңеюде

Уақыты: 07.09.2023
Оқылды: 779
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгінде Талдықорған қаласындағы «Мәртебе» медициналық орталығы мемлекеттік қолдаудың арқасында кеңеюде.

Денсаулық сақтау және медицинаны қолдау әрқашан Қазақстан үшін басым салалардың қатарында. Аталған орталық облыста үлкен сұранысқа ие. Басшысы Әлия Сейтқазинаның айтуынша, бұл мекеме 2019 жылдан бастап ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсетіп келеді. Онда 30-ға жуық жоғары білікті дәрігерлер қызмет көрсетеді. Медициналық орталықта толық зертханалық- клиникалық тексеруден, барлық органның ультрадыбыстық диагностикасынан, ЭКГ, бейнекольпоскопиядан өтуге болады.  

Сонымен бірге физиологиялық, басқа да ем түрлерін қабылдауға мүмкіндік бар. Медициналық орталықты кеңейту үшін кәсіпкер мемлекеттік қолдау алуға «Даму» қорына жүгінді. Осылайша, компания субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде қолдау алды. Компания бұл қаражатқа қосымша медициналық орталықтың құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты қазір мекеменің жер учаскесінде құрылыс басталды. 

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы