Кәсіпкер стоматология ашты

Уақыты: 10.09.2023
Оқылды: 1004
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Стоматология – медицинадағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Заманауи материалдар мен жаңа технологиялар – тіс ауруын сапалы емдеуге ықпалы зор.

Ақылы медициналық қызмет нарығында стоматология көш бастап тұр. Өйткені стоматологиялық емдеу халық арасында жоғары сұранысқа ие. Жеке кәсіпкер Дәурен Жүнісбаев облыстағы стоматологиялық қызметтерге сұраныс басым екенін ескеріп, Талдықорған қаласында «HOLLYWOOD» атты стоматология ашуға шешім қабылдады.

Сөйтіп, ол өз жобасын жүзеге асыру үшін «Forte Bank» акционерлік қоғамына жүгінді. Ол жерде кәсіпкерге «Даму» қорын субсидиялау және кепілдік беру құралдарын қолдана отырып, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде несие мақұлданды. Алынған қаражатқа ол стоматологияға арналған ғимарат пен жабдықтар сатып алды.   

Кәсіпкердің сөзінше, компанияның жетістігі білікті қызметкерлерге және олардың сапалы қызметіне тікелей байланысты. Ал басшының міндеті жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы