МӘМС: жарна төлеу шарттары

Уақыты: 27.01.2024
Оқылды: 937
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

2024 жылы МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері өзгерізсіз қалды. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем қаражаты өзгерді. Сонымен, биыл  МӘМС-ке қанша жарна төлейміз?  

Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді.  Бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ең төменгі жалақыдан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс. Яғни жұмыс берушінің айына төлейтін аударымдарының ең жоғары  қаржысы  25 500 теңгені құрайды. Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды.  Оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты негізде қызмет көрсететін жалдамалы қызметкерлер  мен жұмыскерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысынан 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ең төменгі жалақыдан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс. Яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарна 17 000 теңге болуы мүмкін. Тұрғындардан «Егер екі жерде жұмыс жасасаңыз, жарналарды қалай есептеу керек?» сұрақтар да түсіп жатады.  Бұл сұраққа жауап берелік.

Жарналарды төлеу кезінде шекті табыс ескеріледі. Мысалы, қызметкердің жалақысы 600 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, азаматтық-құқықтық сипат шарты бойынша басқа мекемеге қызмет көрсетіп, 350 000 теңге жалақы алады. Сонымен, жалпы табыс 950 000 теңгені құрайды. Яғни, ең төменгі жалақыдан асады.   Бұл жағдайда  жарна бір жұмыс орнынан толық мөлшерде ұсталуы керек. Мысалы: 600 000 * 2% = 12 000 теңге.  Екінші жұмыс орнынан 5 000 теңге төленеді.   Екінші жұмыс беруші жарна мөлшерін дұрыс есептеуі үшін қызметкер  бірінші жұмыс орнынан қанша жарна төлегендігі туралы анықтама беруі керек. Анықтаманы тапсырмаған жағдайда екінші жұмыс орнынан жарналар толық мөлшерде ұсталады.

БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ТӨЛЕУШІЛЕР 21,5% төлейді. Жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлем – бұл бірқатар салық төлемдерін есептеудің стандартты әдісі. Жалақыдан ұсталатын мынадай 5 төлемді біріктіреді.  Олар: міндетті зейнетақы жарналары әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарналары, МӘМС-ке аударымдар, жеке табыс салығы.  Бірыңғай төлемді жеңілдетілген декларация және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі жұмыс істейтін жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғасына пайдалануға рұқсат етіледі. 2024 жылы бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5%-ын  құрайды. Бірыңғай төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына бір төлеммен жүргізіледі.

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР  5 950 ТЕҢГЕ төлейді. Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дың 5%-ын төлейді. 2024 жылы: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге. Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек. Әйтпесе, қарыз пайда болады.

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АЗАМАТТАР БЖТ ТӨЛЕЙДІ. Бірыңғай жиынтық төлем кәсіпкерлік қызметті ЖК ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар үшін уақытша       5 жылға (2019 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) енгізілді. Тиісінше, келесі жылы БЖТ болмайды. Сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебені екі жолмен ала алады.  Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды ЖК ретінде төлейді.

 ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР  4 250 ТЕҢГЕ төлейді.     Дербес төлеушілер үшін жарналардың мөлшері мына формула бойынша есептеледі.  Формула 5% * 1 ЕТЖ = 4 250 теңге. Азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушысы болудың ыңғайлы және тиімді тәсілін пайдаланып, жарналарды алдағы 12 айға дербес төлеуші ретінде төлей алады. Бұл жағдайда әр айдың жарнасын жеке төлеген жөн.  МЕМЛЕКЕТ ЖАРНАЛАРЫ  5 853 ТЕҢГЕ. Қазақстандағы МӘМС жүйесі әлеуметтік бағдарланғандықтан, мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарналарды төлеуді жалғастыруда. 2024 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке кәсіпкерлер, дербес төлеушілер жарнаны қалай төлейтіні  жайлы айта кетейік. Төлемді екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ, Kaspi.kz, HalykBank мобильді қосымшалары арқылы, сонымен бірге Касса 24 және Qiwi әмиян сияқты өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады. Маңыздысы, төлеушінің ЖСН және ТАӘ дұрыс көрсетілуі тиіс.  Төлем жасап, 2-3 жұмыс күннен кейін МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру, мәртебе берілмесе – төлемдегі деректерді жаңадан тексеруі тиіс.

Жеке кәсіпкерлер назарына: Салық органдарына есепті дайындау және тапсыру үшін өз қызметкерлерін төлем жасалғаны туралы хабарлау.

Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:

•  Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,    fms.kz ресми сайты, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, 1414 байланыс орталығы,  Damumed мобильді қосымшасы,  Halyk мобильді қосымшасы, BCC.KZ мобильді қосымшасы,  Kaspi.kz мобильді қосымшасы.

• egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы жүргізіледі.

*АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУҒА 2023 жылы  МӘМС-ТЕН ҚАНША ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛғандығын айта кетейік. Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС қаражатынан жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуге 169 млрд. теңге бағытталған. Орташа есеппен алғанда бір әйелге 433 мың теңгеден келеді. Бұдан бөлек, ЭКҰ-ның 7 мың теңгелік  ем-шарасын жүзеге асыруға 8,1 млрд. теңге бөлінді.

Жүктілікті жүргізу және скринингтер. 2023 жылы жүкті әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен байланысты 12,2 млн. теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер. Осыны қаржыландыруға МӘМС бойынша жалпы 31,2 млрд. теңге қарастырылды. Олардың төрттен бір бөлігі іштегі сәбидің ауруларын ерте диагностикалау үшін пренатальді  скринингтік қызметтерге бағытталды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Фертильді жастағы 35,4 мың әйелге темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттар берілді. Осыған 57 млн. теңге жұмсалды. Айта кетерлігі, МӘМС бойынша іштегі сәбидің туабіткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 87 млн. теңге қарастырылған.  Бала туу. 100,4 млрд. теңге акушерлік бейіндегі тәулік бойы және күндізгі стационарларда 636 мың әйелді емдеуге жұмсалды. Олардың жартысына жуығына босану қызметтерін көрсетті. Перинаталдық кезең аурулары бар 79 мың жаңа туған нәрестеге ем қажет болды. Осыған 37,4 млрд. теңгеге МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылды. 

И. САМОЙЛЕНКО,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жетісу облысы бойынша филиалының директоры
Фото: dreamstime.com