Медициналық ұйымдарға 12,7 млрд. теңге төленді

Уақыты: 22.02.2024
Оқылды: 687
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға  арналған медициналық қызметтерді  рәсімдеді. Қорытынды  бойынша  емдеу мекемелеріне 76 млрд.  теңге көлемінде қаражат бөлінді.  Облыстық  филиал  58 денсаулық сақтау құрылымымен келісімшартқа қол қойды. Денсаулық сақтау министрінің  2020 жылғы 20 желтоқсандағы  ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына сәйкес  барлық құрылымдар 12,7 млрд. теңгеден астам  аванстық төлем алды.

Мысалы, биыл медициналық қызмет жоспары бойынша медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде 77 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Соның 33,9 млрд.  теңгеден астамы МӘМС бойынша қарастырылған. 2023 жылмен салыстырғанда МӘМС жүйесіндегі шығыстар 9%-ға өсті. Салыстыратын болсақ, 2023 жылғы сатып алу жоспары 76 млрд.  теңгені құрады, оның ішінде МӘМС шеңберінде 31 млрд.  теңге. 

Стационарлық көмекке шамамен 2,8 млрд. теңге, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке (МСАК) 21 млрд. теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке шамамен 11 млрд. теңге, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 6,6 млрд. теңге, онкологиялық көмекке 3 млрд. теңге, жедел медициналық көмекке шамамен 3,7 млрд. теңге, жоғары технологиялық медициналық көмекке 3 млрд. теңгеден астам және медициналық оңалтуға 2 млрд. теңге қаражат бағыттау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2024 жылы денсаулық сақтау құрылымдарынан қызметтерді сатып алу қағидасына бірқатар өзгерістер енгізілді. 

Өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтіліп, онда төрағаның орынбасары болып денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары лауазымынан төмен емес өкіл белгіленіп, сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау (СЭБК) және медициналық және фармацевтикалық бақылау (МФБК) комитеттерінің өкілдері енгізілді. 

Сонымен бірге қағидаға комиссия мүшелерінің бұған дейін өтінім берген көмек түрлеріне келісімшарт жасалмаған құрылымдарға  баруы қосылып отыр.  Қор филиалына өнім жеткізуші жаңа 4 өтінім берілсе, олардың ішінде өңірлік комиссиялар сатып алу рәсімдерін өткізу барысында 3 денсаулық сақтау құрылымына барды.

Саны 1,5 мың адамға толмайтын бастапқы медициналық-санитарлық көмек құрылымының қызметтерін сатып алуға қатысу үшін және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 3 мың адамнан аз халқы бар бір жылдан астам қызмет көрсету тәжірибесі бар МСАК құрылымы үшін шектеулер енгізілді. Бұл – жалпы практика дәрігерінің, отбасылық дәрігердің кемінде екі учаскесіне пара-пар.

Айта кетейік, ОМС жүйесін енгізу азаматтарға медициналық көмек  көрсетуге жеке өнім берушілерді де тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, МӘМС клиникалардың пациент үшін бәсекелестігін ынталандырады. Пациенттің белгілі бір медициналық қызметті қайдан алуға болатындығын таңдау мүмкіндігі пайда болғандықтан медициналық ұйымдар адамдарды тарта алуы үшін жақсырақ жағдай жасап, қызметті жетілдіруі керек.

Қордың өнім жеткізушілерінің тізімін fms.kz сайтының «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөлімінен табуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы
Фото: diapazon.kz