АЯЛЫ АЛАҚАН

Уақыты: 14.06.2019
Оқылды: 1303
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгінде облыстық перинаталды орталық аймақтағы заманауи үлгідегі перзентхананың бірі саналады. Бұл жерге өмірге ұрпақ әкелу үшін қала, облыс аумағынан күн сайын жүздеген әйел келіп жатады. Перинаталды орталықтың қызметкерлері үшін тәуліктің әр минут, сағаты қарбалас. 

Мұнда әйелдердің көңіл-күйі де өзгеше. Іңгәлаған сәби үні, перзентіне мейірленген жас ананың балшырын сәтін сезінуінің
өзі тым әсерлі.  
Жаңа туған нәрестелер бөлімі медбикелерінің еңбекқорлығы мен жұмысына деген жауапкершілікті ерекше атап өткеніміз жөн. Күндіз-түні ана мен баланың жанынан бір елі шықпай қарап, көптің алғысын арқалап жүрген медбике Әсел Мұсанованың көрсеткен қызметіне көпшілік дән риза. Алғыс арқалаған ақ халатты абзал жан өз жұмысын тиянақтылықпен орындайды. Әсіресе, түнде кірпік ілмей бақылап, балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ана мен баланы перзентханадан өз шаңырағына шыққанша бар жағдайын жасап жүрген Әсел Сұлтанғалиқызына аналық жүрегіммен алғыс айтамын. Деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына табыс тілеймін. 

Е. БАУЫРЖАНҚЫЗЫ