"АҚША ЖОҚ": БАЛАСЫ ҮШІН ШЫР-ПЫР БОЛҒАН АНА КӨПШІЛІКТЕН КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Уақыты: 14.02.2020
Оқылды: 1070
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

"Егер осы жолдарды оқып отырсаңыз, қолдан келгенінше көмектесіп жіберуіңізді сұраймыз. Біз, Уәлиханның ата-анасы, ұлымыздың денсаулығына қатты алаңдаймыз. Ол небәрі 13 жаста. Бірақ өз қатарластарымен ойнап-күлмейді, балалық шағы қиын жағдайда өтіп жатыр. Егер де 23 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат жиналса, баланың аяғынан тұрып, толық емделіп кетуіне мүмкіндік бар. Ата-ана ретінде біздердің соңғы арқасүйеріміз - сіздерсіздер, туған халқым! Қаржылай қолдап жіберсеңіздер екен".

Редакциямызға осындай мазмұнда жазылған хат келіп түсті. Хат иесі Зәуреш Ілиясова Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде тұрады. Ұлы Уәлихан Қанатұлы 2006 жылдың 28 қыркүйегінде туған. Алматы қаласының дәрігерлері оған "ДЦП" диагнозын қойған. Бұл диагнозбен оған Қазақстанда емдеу шаралары жүргізілген. "Оның кейде секіргенін, қуанғанын, күлгенін, әупірімдеп жүргенін көргенде, төбеміз көкке жетіп, қуанып қаламыз. Бірақ естімейді. Осындайда қайғыдан қан жұтып, не істерімізді білмей қиналамыз. Баламыздың өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалғанын қаламаймыз", - дейді анасы.

Анасының айтуынша, Ресейдің дәрігер-невропатологтары баланы мұқият тексеріп, ми бөлігіне ота жасау керек деген қорытынды шығарған. Яғни, толық емдеуге мүмкіндік барын жеткізген. Ол үшін есептей келе, 23 мың доллар қажеттігін алға тартқан. "Бізде мұндай қомақты ақша жоқ. Сондықтан, сіздерден көмек сұраймыз. Дәрігер профессор жазылып кетеді деп отыр. Уәлиханымыз өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалмаса екен дейміз. Көмектесіңіздерші", - дейді Зәуреш.

Баласы үшін шыр-пыр болған ата-ана Уәлиханның туу туралы куәлігін де, мүгедектігі туралы анықтамасын да, Ресей дәрігерлерінің шақырту қағазын да фотоға түсіріп, редакцияға жолдапты.

Уәлиханның анасы ақпарат құралдары арқылы халықтан көмек сұрайды. Телефоны: 8 777 272 71 18. Қаражат аударатын карталары: Halyk Bonus: 4405 6398 1342 4650; Каспий Голд: 5169 4931 6099 8939. (Жеке куәлігі бойынша аты-жөні: Ильясова Зауреш Муратбековна).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"