ШҰҒЫЛ: КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ АЛМАТЫ ІРГЕСІНДЕГІ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 21.03.2020
Оқылды: 1087
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқас елімізге Меккеден (Сауд Арабиясы) Станбұл (Түркия) арқылы ұшып келген. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел мәлім етті.

Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталды, елдегі науқастар саны 53-ке жетті.

- Соңғы ақпарат бойынша, коронавирус Талдықорғанда тіркелді деген хабарлама таралып жатыр. Алматы облысында аталған вирус бір адамнан анықталды. Бірақ бұл жағдай Талдықорған қаласында емес, Алматы іргесіндегі Қарасай ауданында тіркелді. Қазір 1986 жылғы науқас Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты. Қазір вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Тиісті шаралар атқарылуда. Ал коронавирус жұқтырған адам біздегі мәлімет бойынша Меккеден Станбұл арқылы ұшып келген, - деді Ғалымұрат Жүкел.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды