Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ БҰРЫНҒЫДАН ДА ЖЫЛДАМ ТАРАП ЖАТЫР

Уақыты: 24.03.2020
Оқылды: 465
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

"Covid-19" жаңа коронавирус індеті әлемде бұрынғыдан да жылдам тарап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай мәлім етті.

- Алғашқы науқас анықталып, олардың саны 100 мыңға жеткенше 67 күн өтті. 100 мыңнан 200 мыңға дейін - 11 күн, ал 300 мыңыншы оқиға төрт күннің ішінде тіркелді, - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус Женевада өткен журналистермен кездесуде.

Қазір инфекция әлемде 350 мыңнан астам науқастан табылған. Соңғы мәлімет бойынша, "Covid-19" жұқпасынан әлемде 15 мыңдай адам қайтыс болып, 100 мыңы сауығып кетті. Ең көп көз жұмғандар - Италия (5,5 мыңға жуық) мен Қытайда (3 153 адам). Испанияда коронавирус эпидемиясы басталғалы індетті жұқтырғандардың көп өлімі тіркеле бастады. Испанияда "Covid-19" індетінен бір күнде 462 адам көз жұмды. Бұл бұрынғы күндерден 26 пайызға асып түсті. Сонымен қатар, Испанияда жұқтырғандар да көп, 4500-ден асып үлгерді.

Қазақстанда да бұл ауруды жұқтырғандар саны күннен-күнге өсіп келеді. Соңғы мәліметте Қазақстанда 66 адамнан қауіпті аурудың белгісі анықталған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"