КОРОНАВИРУС: БҮГІН ТҮНДЕ ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫ КҮШЕЙТІЛГЕН КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛАДЫ

Уақыты: 30.04.2020
Оқылды: 1316
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Панфилов ауданы, Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясының 1 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан қауіпті вирус анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуірдің түнінде, сағат 00.00-ден бастап күшейтілген карантинге жабылады.

Пациент Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды