"СОҒЫСТАН ГӨРІ ОБА ҚАУІПТІ": АДАМЗАТ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢДІ?

Уақыты: 08.05.2020
Оқылды: 1036
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгінде вакцинация «екпе жасату» тақырыбы дәрігерлер мен пациенттер арасында дауға айналған мәселе. Түсінбеушілік, сыбыстар мен алыпқашпа әңгімелер – адамдарды бұл процедурадан қорқуға мәжбүрлеп, өкінішке қарай, кей жағдайларда қайғылы салдарға әкеледі.

Жұқпалы аурулар адамзаттың тарихында әрқашанда бірге болған. Шешек, оба, тырысқақ, сүзек, дизентерия, қызылша, тұмау сияқты жұқпалардың ойрандатқыш салдарының мысалы аз емес. Дүниенің құлдырауы соғыс салдарынан гөрі халықтың үлкен бөлігін құртқан оба эпидемиясымен байланысты. XIV ғасырда Еуропа халықтарының үштен бірі обадан көз жұмды. Кортестің шабуылынан кейінгі 15 жылдан соң шешек эпидемиясынан отыз миллиондық инктер империясынан 3 миллион адам қалды.

1918-1920 жылдардағы тұмау пандемиясынан («испанка») 40 миллион адам көз жұмып, ауруға шалдыққандар саны 500 миллионнан асты.

Біздің ағзамыздың жұқпалы ауруларға қарсылығы – иммунитеті екі жолмен жүре пайда болады.

Бірінші жолы – ауырып және сауығу. Бұл кезде ағза қорғаныш факторларын (антитела) өздігінен өндіріп, олар алдағы уақытта бізді осы жұқпадан қорғайды. Бұл жол ауыр және қауіпті, мүгедектік пен өлімге әкелуі мүмкін жоғары қатерлі асқынуларымен қауіпті.

Екінші жолы – вакцинация. Бұл кезде ағзаға әлсіздендірілген микроағзалар немесе олардың компоненттері енгізіледі, олар өз алдына иммундық қорғаныс жауабын ынталандырады. Адам аурудың өзімен ауырмай, екпе жасатқан ауруға қарсы қорғаныс факторларына ие болады.

Қазіргі инновация және компьютеризация ғасырында микроағзалар саны көбейіп, олардың қоршаған ортаға төзімділігі күшейе түсуде. Осы кезде өзімізді және отбасын қалай қорғау керектігі жөнінде сұрақ туындайды. Оның альтернативасы екпе жасатудың зияны туралы мифтерге азырақ назар аудару. Адамзат тарихы дәлелдегендей, біз көптеген қауіпті жұқпалы ауруларды жеңдік және оның жеңімпазы – вакцинация.

А.ҚУАНДЫҚОВА,

Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы

Сурет - ғаламтордан