КАРАНТИН НЕ СЕБЕПТІ КҮШЕЙТІЛДІ? ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

Уақыты: 08.06.2020
Оқылды: 1054
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысы аумағында карантин қайта күшейтілді. Облыстың бас санитары Қайрат Баймұхамбетов журналистермен өткен баспасөз мәжілісінде кейбір сауда орындары қайтадан жабылатынын, қоғамдық көліктерге шектеу қойылып, санитарлық постар қайтадан орнатылатынын мәлімдеген еді. Осыған байланысты Алматы облысы әкімдігі де қосымша түсініктеме берді.

- Эпидемия басталысымен Алматы облысында 422 адамнан коронавирус анықталды, бір аптада науқастарың өсімі 4,5 пайыз болды. Карантин күшейтілгенге дейін бұл көрсеткіш 2,5 пайыздан аспаған. Карантинді күшейтуге себеп болған - облыс тұрғындары мен бизнес өкілдерінің негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, адам көп баратын жерлерге баруы, бір-бірінен алшақ тұрмауы және бетперде тақпауы. Облыс бойынша карантин ережесін бұзған 3690 нысан тексеріліп, 720 заңбұзушылық анықталды. Карантин ережесі жеңілдетілген соң тұрғындар бір-бірімен көп араласып кетті. Осыған байланысты Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы қажет шараларды қарастырып жатыр. Бұл көрсеткіш әрі қарай да өсе берсе, одан да қатаң шараларды қабылдаймыз. Мысалы, субұрқақтар жұмысын тоқтатты, автобус маршруты да қысқартылды, - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан