ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАДА ПОЛИЦЕЙЛЕР БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Уақыты: 22.06.2021
Оқылды: 1562

Облыс әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыратын мемлекеттік қызметшілер арасындағы 13 жазғы спартакиадада полицейлерден құралған команда алдыңғы шептен көрінді.

Жарысқа әкімдік, сот, прокуратура, облыс бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, полиция, әділет, төтенше жағдайлар, мемлекеттік кірістер департаментінен 8 команда қатысты. Командалар спорттың жеті түрінен бақ сынады.

- Осындай спартакиада адамның салауатты өмір салтын сақтауға жол ашып, физикалық, эстетикалық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар, бос уақытын тиімді өткізуге, түрлі аурудың алдын алуға, достық қарым-қатынасты тереңдетуге мүмкіндік сыйлайды, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Манат Айтмұханбетов.

Полицейлер командасы жалпы есепте 430 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Футбол, волейбол, шахмат бойынша алдына жан салмады. Тоғызқұмалақ пен баскетболдан екінші орын алса, бильярд пен үстел теннисінен үшінші орын иеленді. Ерлер арасында аға тергеуші, полиция полковнигі Олжас Түгелбаев, әйелдер арасында полиция сержанты Ажар Шойбекова ерекше көзге түсті.

Жастар спорт сарайында команданы грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев марапаттап, 300 000 теңгенің сертификаты мен кубок табыстады.

 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"