Әлем кубогын жарқын жеңіспен аяқтады

Уақыты: 25.09.2023
Оқылды: 642

Қыркүйек айының 22-24  күндері Сербияның Нови-Сад қаласында самбодан Әлем кубогы өтті.

Аталмыш додаға 15 мемлекеттен 200-ден астам самбошы қатысты. Қазақстан намысын қорғаған Арнұр Қуатай 71 келі салмақ дәрежесінде Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Арнұр Қуатай ақтық сында Ресейлік Мәлік Гаджимуратовты айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Арнұр Қуатай Әлем кубогын жарқын жеңіспен аяқтады.

Алуа Оспанжан

Фото: автордан