Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады

Уақыты: 19.10.2023
Оқылды: 705

Біріккен күрес әлемі қауымдастығы әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Kazsporttv.rz. дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Жаңартылған рейтингте еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты.

Сондай-ақ, әйелдер күресінде Жәмилә Бақбергенова (72 келі) жаңартылған рейтингте үздіктер көшін бастады.

Коллаж: Almaty.tv