Бұқаралық спорт - болашақ жеңістердің бастауы

Уақыты: 11.11.2023
Оқылды: 766

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл және облыстық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Рүстем Қалиев Жетісу облысындағы 8 аудан және 2 қаладағы бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталықтары бөлімдерінің жетекшілерімен жиын өткізді. 

Рүстем Жарқынбайұлы орталық құрылған бір жылдан астам уақыт ішінде атқарылған істер жайында баяндама жасады. “Алғашқы күннен облысымызда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән берілді. Штаттық кестеге сәйкес білімді қызметкерлер қабылданды. Іскер мамандардың арқасында жұмысымыз алға басты” -  деді орталық директоры.

Сонымен қатар, Рүстем Жарқынбайұлы әлі де кезек күттірмес мәселелер бар екендігін айтты. Әсіресе, аудандық жерлерде материалдық-техникалық базалар жағдайына тоқталды. 

Жиын барысында аудандық бөлімдеріне алдағы уақытта жан-жақты көмек көрсетілетіндігі айтылды.  Соның айғағы ретінде бүгін барлық аудандар мен 2 қала бөлімдерінің басшыларына спорттық жабдықтар табыс етілді. Атап айтсақ, олар футбол, волейбол, баскетбол доптары,  волейбол сеткалары, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы және теннис жаттығулары  мен жарыс өткізуге арналған құралдар.

Алуа Бауыржанқызы