WBC Головкинді рейтингтен мүлде шығарып тастады

Уақыты: 16.11.2023
Оқылды: 659

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) әр дивизиондағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа тізімде орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) рейтингтен шығарылды. Мұндай шешімге себеп боксшының ұзақ уақыт рингке шықпағаны болса керек, GGG 2022 жылы Сауль Канело Альварестен (60-2-2, 39 KO) жеңілгелі бері жекпе-жек өткізген жоқ. 

Қазір жаңартылған рейтингтің көшбасында өзге қазақстандық - Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) тұр. Ал бұл салмақта ұйым чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО).

Фото: ашық дереккөзден