Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: "Жетісу облысы көш бастады"

Уақыты: 17.11.2023
Оқылды: 539

Астанада ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні аралас командалық жарыстар өтті. 

Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес дзюдошылар алты салмақ дәрежесінде күресті (әйелдер: -57 келі, -70 келі, +70 келі, ерлер -73 келі, -90 келі және +90 келі). Аралас командалық Қазақстан чемпионатына барлығы 17 команда қатысты.

Нәтижесінде Қызылорда облысының командасы чемпион атанып, финалда Қарағанды облысының командасын 4:3 есебімен жеңді. Атырау және Алматы облыстарының татами шеберлері қола медальдарға қол жеткізді.

2023 жылғы Қазақстан чемпионатының жеке жарыстарына Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан 463-ке жуық спортшы қатысты. 

Жетісу облысының татами шеберлері жеке есепте 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, медаль кестесінде көш бастады. Ақтөбе облысының дзюдошылары 3 алтын медальмен екінші орынды иеленді, ал Маңғыстау облысының командасы 2 алтын медальмен үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан чемпионатының жеке жарыстарының нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз:

Әйелдер:

- 48 келі

1. Диана Буркеева (Жетісу облысы)

2. Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)

3. Зарина Хуснадин (Алматы)

3. Алира Шегелекова (Абай облысы)

-52 келі

1. Нұрсұлу Ералиева (Жетісу облысы)

2. Ғалия Тынбаева (Алматы)

3. Аружан Адасқан (Жамбыл облысы)

3. Балнұр Әбдешова (Абай облысы)

 

-57 келі

1. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)

2. Севара Нышанбаева (Шымкент қаласы)

3. Улдана Усейн (Шымкент қ.)

3. Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)

 

-63 келі

1. Эсмигүл Куюлова (Атырау облысы)

2. Ақерке Құлаш (Шымкент)

3. Зарина Сабитова (Абай облысы)

3. Кристина Сотникова (Абай облысы)

 

-70 келі

1. Екатерина Токарева (Алматы облысы)

2. Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы)

3. Жансая Кабимуллина (Қостанай облысы)

3. Жанна Саткей (Жамбыл облысы)

 

- 78 келі

1. Аруна Жангельдина (Ақтөбе облысы)

2. Маргарита Гриценко (Қостанай облысы)

3. Әсел Бейсенбай (Қызылорда облысы)

3. Назерке Тілеуханова (Абай облысы)

 

+78 келі

1. Камила Берліқаш (Жетісу облысы)

2. Маратова Назгүл (БҚО)

3. Мадина Парагульгова (Алматы)

3. Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы)

 

Ерлер:

-60 келі

1. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)

2. Ержан Еренғайыпов (Астана)

3. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

3. Дәурен Сүюкенов (Алматы облысы)

- 66 келі

1. Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)

3. Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)

3. Алмас Ғалымов (Абай облысы)

 

-73 келі

1. Асқар Нарқұлов (Маңғыстау облысы)

2. Дархан Қойбағаров (Жетісу облысы)

3. Барыс Қуан (Абай облысы)

3. Ислам Тоқтасын (Алматы облысы)

 

- 81 келі

1. Мейірлан Максим (Маңғыстау облысы)

2. Жалғас Қайролла (Абай облысы)

3. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО )

3. Мәди Амангелді (Астана)

 

- 90 келі

1. Айдар Арапов (Түркістан облысы)

2. Ермахан Әнуарбеков (Абай облысы)

3. Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)

3. Құдірет Досымов (Шымкент)

 

- 100 келі

1. Ислам Бозбаев (Қарағанды облысы)

2. Судья Сапарғалиев (Атырау облысы)

3. Ермахан Естей (Астана)

3. Бекзат Шағатаев (Атырау облысы)

 

+100 келі

1. Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)

2. Әділ Оразбаев (Абай облысы)

3. Мәди Еділбаев (Алматы облысы)

3. Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысы)