Теннис: Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

Уақыты: 22.11.2023
Оқылды: 688

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бангалор (Үндістан) ITF W25 турнирінің ширек финалына шықты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Kazinform сайтына сілтеме жасап  хабарлайды

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен үндістандық Рутужа Босейл бастапқы кездесуін жергілікті теннисшілер Аканкша Ниттур – Нидитра Раджмоханмен өткізді.

Қазақстандық-үндістандық жұп қарсыластарын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ж.Құламбаева – Р.Босейл жартылай финалға шығу үшін тағы да үндістандық дуэтпен таласады.

Жібек Құламбаева аталмыш турнирде жекелей сында да өнер көрсетеді.

Фото: ktf.kz