Асхат Тағыберген болашағына қатысты шешім қабылдады

Уақыты: 28.11.2023
Оқылды: 809

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген «Ордабасы» клубында қалуды жөн көрді. Бұл туралы Meta-ratings-ке сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, футболшы бұл шешімді жазда қабылдап қойған. Жаңа келісім 2024 жылғы қаңтардан басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Тағыберген шымкенттік клуб сапында 2023 жылғы қаңтардан бері өнер көрсетеді.

Биылғы маусымда «Ордабасы» тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев