Батырдың келесі қарсыласы анықталды

Уақыты: 01.12.2023
Оқылды: 649

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 KO) 13 желтоқсан күні жекпе-жекке шығады. Бокс кеші Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. 

БАҚ-та жазылғандай, Батырдың қарсыласы – Мұхамед Мимун (23-5, 4 КО). Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Отандасымыз кездесудің ресми постерін жариялап, жанкүйерлерін құлақтандырды. 

Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Батыр дәл осы Плант-Ситиде аргентиналық Уго Альберто Ролданды жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA NABA атағын жеңіп алған еді. 

Фото: ©boxinggu