Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші «алтын» түсті

Уақыты: 04.12.2023
Оқылды: 494

Қазақстандық боксшы Айсұлу Мұхит  Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. 

7-su.kz желілік басылымы бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

66 келі салмақтағы боксшылар арасында өткен финалдық кездесуде Айсұлу Мұхит Румыния өкілі Амалия Тугуимен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Айсұлу Мұхит әлем чемпионатының «алтынын» жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы турнирдегі үшінші медалі. Бұған дейін Аяжан Сыдық (54 келі) пен Толғанай Қасымхан (60 келі) финалда жеңіске жетті. 

Ертең Қазақстан құрамасынан Нұрасыл Төлебек (54 келі) финалдық кездесу өткізеді.

Фото: sports.kz