Би спортында Қазақстан жұбы әлем чемпионы атанды

Уақыты: 05.12.2023
Оқылды: 416

Астанада өтіп жатқан 10 түрлі биден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын Нейдас Ленкитис пен Тамара Беленькая жұбы топ жарды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Күміс Адриа Эрнандес пен Эмилижа Улсинейт (Испания), ал қола медаль Владимир Чебану мен София Чьорескудің (Молдова) еншісінде.

Бұған дейін ел тарихында бірінші мәрте 2022 жылы Латвия мемлекетінде ұйымдастырылған әлем чемпионатында Максим Жиленков пен Арина Молочникова чемпион атанған.

Айта кетейік, биылғы додада 27 мемлекеттен 54 спортшы жиналды.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы