КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Уақыты: 07.12.2023
Оқылды: 644

Бүгін Талдықорған қаласында Киокушинкай-кан каратэнің кумитэ бөлімі бойынша облыстық жарыс өтті. Аталмыш шараға 170-ке жуық жас спортшы қатысып, бақ сынасты. Олар 35 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті. 

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Рүстем Қалиев, облыс бойынша Киокушинкай-Кан каратэ федерациясының жетекшісі Әлішер Ахметжан, жарыстың бас төрешісі Феруз Шегебаев қатысты. 

Облыстық жарыста жеңімпаздар қатарында Артем Сон, Арман Маратов, Еркежан Асылбай, Әлихан Дәлелхан, Жанел Омарғалиева, Мейірлан Темірхан бар.

Ал Ернұр Ілияс, Данис Шаяхметов, Ерасыл Нұрсұлтан, Назым Райымбек, Арынғазы Саятұлы күміс жүлдегер қатарында. Сондай-ақ, Әлихан Өміржан, Мерейлім Серікбайқызы, Асаналі Боранбай, Әлихан Сабырұлы, Константин Алесс және т.б қола жүлдеге ие болды.

Алуа Бауыржанқызы