115 МЕДАЛЬ АЛДЫ

Уақыты: 09.12.2023
Оқылды: 644

Алматыдағы «Sadu Arena» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 115 медаль жеңіп алды. Жарысқа 33 елден 700-ге жуық спортшы қатысты.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасындағы «ката» және «кумитэ» бәсекелерін қоса есептегенде Қазақстан құрамасы 29 алтын, 25 күміс, 61 қола медальмен жалпы есепте топ жарды. Ресей екінші орында (24 алтын, 26 күміс, 47 қола). Жапония үздік үштікті түйіндеді (10 алтын, 7 күміс, 2 қола). Келесі әлем чемпионаты 2025 жылы Жапонияда өтеді. Ұлттық құрама қатырында әлем чмпионы болған жетісулық Карина Забелич қарысыластарын айқын басымдылықпен жеңді. 

Серік Қантай