«Жетісу» Талдықорғанда оқу-жаттығу жиындарын бастады

Уақыты: 12.12.2023
Оқылды: 516

Талдықорғандық «Жетісу» жаңа маусымға дайындықты туған жеріндегі оқу-жаттығу жиындарынан бастады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

«Оқу-жаттығу жиыны Талдықорғанда өтеді және «Жетісу» футбол клубының алдында тұрған жаңа міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті лайықты кәсіби команданы қалыптастыруға бағытталады.

Жаңа ұжымның негізгі тірегі – жергілікті студенттер. Оқу-жаттығу жиыны барысында жаттықтырушылар құрамы екінші лига командасы мен Футбол орталығының түлектері, талантты жастар арасынан жаңа ойыншыларды құрамаға қосуға үміткерлерді қарап, зерттейді», - деп жазды «Жетісу» баспасөз қызметі.

Дереккөз: Prosports.kz