Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирді жеңіспен бастады

Уақыты: 14.12.2023
Оқылды: 483

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан ITF жеке разрядтық турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ломакин Польша өкілі Адам Баюркомен шеберлік байқасып, екі сетте 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті. 

Келесі айналымда қазақстандық спортшы украиналық теннисші Юрий Джавакянмен кездеседі.

Айта кетейік, 25 жастағы Ломакин қазір ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) әлемдік жекелей рейтингінде 794-орында тұр. 

Фото: Sports.kz