Футзал: Қазақстан Нидерланд құрамасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды

Уақыты: 14.12.2023
Оқылды: 647

Қазақстан құрамасы футзалдан Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен ойында Игита бастаған футзалшылар Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Кездесудің 1 минутында  Біржан Оразов командасын алға шығарса, 7 минутта Дуглас Джуниор есепті еселей түсті. Ойынның екінші бөлігінде гол соғылған жоқ. 

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 20 желтоқсан күні Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Румынияға қарсы өткізеді. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін арнайы келді.

Фото: Ақорда