ЭЛИТАЛЫ ТОПТА ОЙНАЙДЫ

Уақыты: 18.12.2023
Оқылды: 665

Шайбалы хоккейден жастар арасында Будапештте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы уақытынан бұрын элиталы топқа жолдама алды.

Қазақстан құрамасы элиталы топқа берілетін жалғыз жолдаманы IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салды. Іріктеудің соңғы ойыны қалғанда (төртінші ойын) Қазақстан Жапония құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Осыған дейін ел жастары Венгрияны (5:2), Данияны (3:2), Францияны (4:0) ұтқан еді. Осылайша қазақстан жастары төрт ойыннан кейін 12 ұпай жинады. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 16 желтоқсанда Аустрияға қарсы ойнайды.

Серік Қантай