Қазақстан боксшылары жастар арасындағы халықаралық турнирде екінші орын алды

Уақыты: 26.12.2023
Оқылды: 589

Бакуде (Әзербайжан) әзербайжандық боксшы Аббас Агаларовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Турнирге Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан (EUBC) 97 боксшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 16 медаль (4 алтын, 5 күміс, 7 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Әзербайжан құрамасы 22 медальмен (5-4-13) бірінші орынға ие болды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік бестік:

  1. Әзербайжан – 22 (5-4-13)
  2. Қазақстан – 16 (4-5-7)
  3. Тәжікстан – 4 (2-1-1)
  4. Өзбекстан – 5 (1-2-2)
  5. Ресей – 3 (1-1-1)

Фото: Sports.kz