Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Азияның ең үздік федерациясы атанды

Уақыты: 27.12.2023
Оқылды: 511

UWW Asia (Азия күрес федерациясы) онлайн дауыс беру арқылы 2023 жылдың ең үздік ұлттық федерациясын анықтады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, UWW Asia атқару комитеті мүшелерінің екі кезең бойынша дауыс беруімен ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Азияның «үздік ұлттық күрес федерациясы» деп танылды.

Мәлім болғандай, ұлттық федерацияны анықтау кезінде күрестен ересектер арасында Азия чемпионатының Қазақстанда өтуі маңызды рөл атқарды.

Айта кетейік, ол жарыста қазақстандық балуандар 7 алтын медальға ие болған.

Фото: gov.kz