Жібек Құламбаева Үндістандағы жарысты сәтті бастады

Уақыты: 27.12.2023
Оқылды: 679

Қазақстандық Жібек Құламбаева Мумбай (Үндістан) ITF турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Әлемнің 469-ракеткасы Ж.Құламбаева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 923-орында тұрған үндістандық Вайшанави Адкармен өткізді.

Бірінші партияда корт иесі 6:4 есебімен басым түсті.

Дегенмен бұдан кейін Жібек ойын тізгінін өз қолына алды — 7:5, 6:3.

Жібек Құламбаеваның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.

Кеше қазақстандық теннисші жұптық сында литвалық Юстина Микулскитемен бірге жергілікті спортшылар Шривалли Бамидипати — Вайдехи Чаудариге есе жіберген еді: 6:7 (5:7), 2:6.

Фото: ktf.kz