Қазақстан құрамасының бапкері әлемдегі ең мықты 10 маманның тізіміне кірді

Уақыты: 28.12.2023
Оқылды: 588

Ресейлік журналист Валерий Полевиков 2023 жылы ең мықты болған бапкерлер рейтингін жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Бұл тізімде жетінші орында Қазақстан құрамасының бапкері Магомед Адиев тұр.

"Рейтингте құраманың жалғыз бапкері. Бірақ биыл ол сияқты құрамамен осылай таңқалдырған ешкім бомады-ау. Соңғы орындардағы команданы Еуроға шығуға таластындай етті. Барлық рекордтардан асып, бұрын иісі де шықпайтын жаңа деңгейге жетті. Ойыншылардын мүмкіндігінің 200 пайызын сығып алады", - дейді Полевиков.

Рейтингте бірінші леверкузендік "Байер" бапкері Хаби Алонсо тұр. Алғашқы үштікте одан кейін Мичел Санчес ("Жирона") пен Унаи Эмери ("Астон Вилла").

Фото: ҚФФ