Қала үздігі

Уақыты: 02.01.2024
Оқылды: 732

Жуырда қыздар арасында баскетболдан қалалық чемпионат өтті. Чемпиондықты анықтау додасына Талдықорған қаласының мектептерінен іріктеліп шыққан 7 команда қатысты.

Ойын екі күнге созылды. Бәсекенің көрігін қыздырған бұрымдылар нағыз тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Қарсыластарын қапы қалдырған №27 мектеп қыздары қала біріншілігінің кубогын қанжығасына байлады. 2-орынға №10 мектептің қыздары қол жеткізсе, үздік үштікті №2 мектептің командасы құрады. №27 мектептің командасын жаттықтыратын Анар Файзуллинаның шәкірттері бұған дейінгі жарыстарда да жақсы қырынан көрініп, жүлделі орындардан көрініп жүр. Бұл жолы да сол жетістігінен төмендемей, алдағы чемпионатқа тастүйін дайын отыр.

Әмір САНА