Біз лагерьге барамыз

Уақыты: 04.08.2016
Оқылды: 1475

Балаларды сергектікке бейімдеуде оқумен қатар бос уа­қыт­ты тиім­ді пайдалануды ұйымдастырудың маңызы зор. Ұлт­тық ойын­дар мен әртүрлі жарыстарды өткізудің оқу – тәр­бие үрдісінде ала­тын орны ерекше.

 

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп,  Біз ла­герьге барамыз» – деген  өлең жол­да­рын  жаттап өстік.  Мау­сым басталғалы күз-қыс бойы кітаптан бас алмаған   бүлдір­шін­дерге  тынығу лагерьлері есі­гін айқара ашу­да. Тәрбиешілер мен мұға­лімдер  оқушылармен түрлі қызықты жарыстар, ұлттық ойындар ұйымдастырады.  Оны ой­нату – мұға­лім­нің шеберлігіне бай­ланысты.

Мысалы, доппен жарысу. Балалар екі коман­даға бөлінеді. Жарысатын қашық­тық­тың ұзын­ды­ғы 10 – 12 метрді құ­рай­ды.  Саптың алдында тұр­ған бала қолына доп ұстайды. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы  баскетбол ойы­ны­ның тәсілімен жүгіріп, допты ко­ман­да­сын­дағы келесі ойыншыға табыс­тай­ды.  Осылайша, барлық ойыншы допты бір-біріне ұстатып, командалық жеңіске же­ту­ге талпынады. Қай  команда  жыл­дам­дық таныста, жеңіс соларда.

Екінші бір ойын. Ептілік пен шап­шаңдыққа тәрбие­лей­тін –  аяққап  киіп жарысу.  Ойынға қа­тысушылар екі топқа бөлінеді.  Жары­сатын қашықтықтың ұзын­дығы 10 – 12 метр. Мұғалім белгі берісімен сап ал­дын­да тұрған екі ойын­шы аяқтарына  қапты киіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап, алға жүгіріп, жалаушаны  тез айналып өтуі керек. Осы ретпен ойын жалғаса бе­ре­ді. Қай топ жалаушаны ал­ғаш болып ай­налып өтсе,  сол топ жеңіс­ке жетеді. Осындай қызық­ты ойын­дар мен басқа да шаралар бала­лардың жазғы демалыстан сергек қай­туына септігін ти­гізеді.

Б. Бимуханов,

№ 4 орта мектептің денешынықтыру

пәні мұғалімі.

Талдықорған қаласы.