Талдықорған: +33°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АБАЙ, ПУШКИН ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙ

22.12.2024
КҮЛТӨБЕ
АБАЙ, ПУШКИН ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Пушкин туралы қаншама өтірік, қаншама шындық бар. Бәрін бірдей санаға сыйдыру оңай емес. Пушкиннің әр жолына бір мақала, әр өлеңіне бір-бір кітаптық зерттеу бар – оқып шығу ғана емес, санап тауысу мүмкін емес! Пушкин – орыстың қайғысы, қаны, жаны, қуанышы. Орыс баласының Пушкинге деген құрметінде – шек, махаббатында – өлшем жоқ.


Пушкинді мен Абайсыз ойлай алмаймын. Бір-біріне ұқсамайтын осы екі әлемде ұқсас тағдыр да бар.

Рас, әлем Пушкиннің есіміне қанық. Бірақ, әлем Пушкинді әлі де анық танымайды. Әлемнің санасына «орыс поэзиясының күні» Толстой мен Достоевскийдей, Чехов пен Набоковтай… етене енген жоқ. Пушкиннің «әлемдік деңгейі» – шартты.

Әлем Абайды жаңа-жаңа естіп жатыр – тану былай тұрсын… Бәлкім, ертең оның да қол-аяғын жерге тигізбей біз аңсап, армандап жете алмай жүрген «әлемдік деңгейге» алып кетер. Бірақ, әлем үшін ол да, әйтеуір «қазақ» деген ұғымға қатысты бір мәңгілік мағынасыз таңба – жай ғана құрметті Есім болып қалуы мүмкін… Әлемнің, түптің түбінде, бізге де бір ықыласы ауарына шүбәм жоқ. Абай бастап «әлемдік деңгейге» біраз қазақтың өтіп кетеріне де күмән келтірмеймін. Бірақ, әлемдік ауқымдағы Абайдың тағдыры – Пушкиннің тағдырына ұқсас болады деп ойлаймын. Орыс, қазақ рухының, тіршілігі мен тілінің тылсымына толық бойламай, Пушкин мен Абай – мәңгі жартыкеш. Әлем үшін жартыкеш… Оған, енді, өкінесіз бе, қуанасыз ба – өзіңіз білесіз.

Есігіңнің алдынан қуаласаң кетпейтін қайыршыдай «әлемдік деңгей» деген бір қызыл құрт бәріміздің көкейімізді тесіп бітті. Біз бар сорақылығымызды ұмытсақ та осы кемдігімізді ұмыта алмаймыз. Кембағал санамыздағы осы бір қайыршы тілектен, шынында да, ит қосып қусақ та құтыла алмадық. Кембағалдық комплексіміздің зорлығы жағынан біз, сірә, ешбір халыққа есе жібермейміз – иә сорымыз, иә бағымыз. Көз жетпейді… Пушкин мен Абайға әлемдік деңгейдің түкке керегі жоқ. Әлемдік деңгей – бізге керек. Біз, қазақтар, айталық Абай мен Әуезов арқылы әлемдік өреге ғашықпыз. Оған хақылымыз да. Әлемдік рухани қазынаға біз де бірдеңе қостық, оны өзіміз анық білеміз, енді оны осынау сегіз қиыр шартарап, мына өркөкірек дүние білу керек. Ұлттық мақтанымызды қанағаттандырудың, өзгелермен тереземізді тең ұстаудың бір шарты – осы.

Бірақ, менің күдігімше, бізде салмақты, мақсатты әрекеттен гөрі дамуы кенжелеңкіреп қалған кез-келген халықта болатын ұлттық тыраштық басым сияқты. Біз – асығамыз… Алтынымызды бұлдап ұстамай, көрінген жерде мыстың қатарында тықпалап, мазамыз кетіп барады: «Міне, бізде мынандай бар, мынадай бар, келіңдер, көріңдер, тезірек бағасын беріңдер!»… Міне, бізде… Әне, бізде… Бірақ, рухани құндылыққа жалаң жарнама жүрмейді. науқаншылық – орынсыз. Сіздің қолыңыздағы күмәнсіз асыл болса да әлем оны өз таразысымен өлшеп көрмей, сенбейді… Ал ол таразы жылдар бойы өлшейді, ғасырлар бойы салмақтайды. Біз – асығамыз! 

…Тургенов пен Толстойды, Достоевский мен Чеховты шет тілге орыстар аударған жоқ. Бізді мақташы деп ешбір орыс ағылшын мен французға немесе неміске жалынған жоқ. Жапондар да ешкімге ештеңесін зорлап тықпаламады – әдебиетін, басқасын былай қояйық, қазір әлем олардың икебана, шай рәсімі сияқты «ұсақ-түйектеріне» дейін қызықтайды. Неге? Себебі – орыс күшті, жапон мықты. Өзінікі мықты. Ең алдымен, өзін жақсы көреді. Алдымен – Өзі, сосын – Әлем. Олардың өзіндігі, ең алдымен, жаппай өз тілінде сөйлеуінен көрінеді. Мен анық білем – барша қазақ тегіс қазақ тілінде сөйлеген күні әлем бізге өзі келіп сәлем береді. Сіздің аңсап, зарыққан, шөлдеп өлген «деңгейіңіз» – тойымсыз мақтанқұмарлығыңыздың көмейін өзі келіп тығындайды. Абайды сізден сұрамайды, Абайды өзі тауып алады да көкейіңізді жегі құртша тескен әлемдік деңгейге өзі алып кетеді. Бірақ, алдымен, өзіңді өзің құрметтемей ондай құрмет сізге жоқ…

Рас және бір күдік бар. Кез келген ұлттың жанында әлем ұға бермейтін бір тылсымдар болса керек. «Жұмбақ жан» – орысқа ғана тән емес. Өзгелер үшін қазақтың жанында да «загадочный» түкпірлер, құпия тереңдер бар. Осы екі халықтың өз жаны, өз қаны, өз тәніндей Абай мен Пушкин әлемге жұмбақ болып қала берсе, сондықтан таңғалмау керек. Оған ренжу де – бекер. Әр ұлттың әмбебап «әлемдік деңгейден» қымбаттырақ және басқа ешбір «деңгейге» қимайтын бір асылдары болатын сияқты – Абай мен Пушкин, мәселен…

Пушкин жанының шегарасына ұлғаю үшін орысқа әлі екі жүз жыл керек деп еді Гоголь. Қанша шиырлағанмен біз де Абайдың қиырсыз өрісін жаңа болжап келеміз. Әлем Пушкинді, Абайды, тіпті, білмей-ақ қойсын – бәрібір әр орыстың тамырында Пушкиннен бір тамшы қан, әр қазақтың жүрегінде Абайдан бір шөкім нұр бар. Орыс пен қазақтың жан-жүрегіндегі осы екі әлемді аша алмай жатса, қалған әлемнің өз обалы өзіне! Мәселен, менің, яғни кітап оқитын қазақтың, бүкіл дүние білетін әлемдерден қашан да бір әлемім артық – Абай!.. Мен – әлемге емес, әлем – маған келсін! Яғни, мендегі Абайға…

Орыстың бар әулиесі ұмытылуы мүмкін, бірақ орыс Пушкинінен айырылмайды. 

Абай да көзінің жасы омырауын бояп, мәңгі қазағымен қалады. 

Басқа қазақтардың «әлемдік деңгейдің» қақ төрінде шалқып, шарап ішіп отыруына, әлбетте, түк қарсылығым жоқ.

Тұрсынжан ШАПАЙ,
«Анық Абай» кітабынан

Қатысты жаңалықтар

Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

10.06.2026
Сөз – ойдың киімі

Сөз – ойдың киімі

10.06.2026
Текеліде есірткі жарнамалайтын ондаған граффити өшірілді

Текеліде есірткі жарнамалайтын ондаған граффити өшірілді

10.06.2026
Тұрғын үй нарығы: Талдықорғанда шаршы метр қанша тұрады?

Тұрғын үй нарығы: Талдықорғанда шаршы метр қанша тұрады?

10.06.2026
10 маусым: Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, дауыл және аптап ыстық болады

10 маусым: Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, дауыл және аптап ыстық болады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.