Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Есеюдің жасы бар ма?

08.08.2026
КҮНДЕРЕК
Есеюдің жасы бар ма?

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

«Балалық өлді, білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?…»

Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай Құнанбайұлының философиялық мазмұнға бай бұл өлең жолдарын осы күнге дейін сан мәрте оқысақ та, астарынан сығалайтын бір жайтқа үңілмеппіз. Сөз маржанын сарбаз сапындай тізбектеген ақын аталмыш туындыны 50 жасында жарыққа әкелген. Яғни, 1895 жылы. Бүгінгі жазбаның мәйегі болатын сұрақ осы жерде туады. Адамның балалығы қай жасында «өледі»?

Бұл сұрақтың туындауына түрткі болған – ескі замандағы есті тұлғалардың қазақ, жоқ, қазақ қана емес, адамзаттың дамуына қанша жасында үлес қосқаны. Рухани пәлсәпамен әкелсек адамның жасы биологиялық көрсеткішпен өлшенбейді, оның өмірді ұғынып, парасат шыңына қаншалықты шыға алғандығымен саналмақ. Балаға тән тұрлаусыздық, даңғазалық, бейқамдық, шалағайлық, есерлік секілді мінездің өшіп, дана жолға түсуі барлық адамның тұрақты бір жасында болатын құбылыс емес екен. Оған дәлелді ескі кітаптың бәрінен кезіктіруге болады. Тек бір ғана айырмашылық – уақыт өте кейіпкердегі балалықтың кеш «өле» бастауы.

Мәдениет, білім, ғылым, өнер сынды қоғамның рухани тіректерінің қалыптасуы, жандануы, сақталуы жолында жанқиярлықпен, қара басының қамын қалтаға салып жұмыс істеген азаматтар әр елде болған. Сол рухты жандар туралы өмірбаяндық еңбектерді сараласақ бас шайқатар талай жайтты көреміз. Мәселен, қазақ ғылымы тарихындағы алғашқы кәсіби энциклопедист-ғалым Шоқан Уәлиханов, қазіргі өлшеммен алғанда, небәрі 17-18 жасында қазақ халқының тарихы, фольклоры мен этнографиясына қатысты алғашқы ғылыми жазбаларын әзірлеген, 22 жасында орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды. Бұл – жас ғалым үшін үлкен ғылыми мойындау еді.

«Ғаниға ән салған кезінде Құрманбек он екі жасар ойын баласы еді. Ал ән тыңдап, тамсанып отырған Ғанидың жасы он алтыда. Он алты жасар баланың қоғамдағы құбылысты мемлекеттік деңгейде түсініп, жігіт ағасы сияқты жанкештілікпен әлеуметтік мәселемен күресуі адамды есінен тандырады. Ғанидың өмірі мен ерлігін зерделеген кез келген жас буын өзін бала сезінетін инфантильдік санасынан айығып шыға келетін…». Бұл үзінді «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабынан алынған. Суреттелетін тұлға 18 жасында 250 студентке қамқор болған, жан-жақтан қысым көрген заманда «Жас Алаш» газетін ашқан, профессор, филология ғылымдарының докторы Бейсенбай Кенжебаевтың білім алуына септескен, өзі 23 жасында өмірден өткен – Ғани Мұратбаев. Ал біз 23 жаста «Өмірі енді басталыпты ғой» дейміз.

Мысалдар қатарына 13 жасынан бастап әкесі Құнанбайдың қасында ел басқару ісіне араласқан Абай Құнанбайұлын, 18-19 жасында майданда ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атанған Әлия Молдағұлованы, 20 жасында «Еңлік – Кебек» пьесасын жазған Мұхтар Әуезов және осы жаста жоңғарлармен шайқаста батыр ретінде елге танылып үлгерген Абылай ханды қосуға болады.

Алайда бұл мысалдар сол тұлғалардың ғана жетістігінің белгісі деуге әсте келмейді. Сол ғасырдың өмір салты мен қоғамдық талаптарын да ескеру керек. Әңгіме бүгінгі жастарды кінәлауда емес. Сұрақ басқа: неге бұрын 15-20 жастағы жастар ел тағдырын ойлайтын деңгейге жетсе, қазір 16-17 жастағы көптеген жасөспірімдер әлі де толыққанды ересек өмірге дайын емес? Жауапты ең алдымен қоғамның тәрбиелік ұстанымынан, отбасы мәдениетінен және жастарға қойылатын талаптың өзгеруінен іздеген жөн.

Ол кезде бала ерте жастан еңбекке араласып, отбасы мен ел алдындағы жауапкершілікті сезініп өсті. Сондықтан жас адамның ерте есейіп, үлкен іске араласуы таңғаларлық құбылыс саналмаған. Бүгінде жағдай мүлде өзгеше. Білім алу мерзімі ұзарып, ата-ананың қамқорлығы күшейіп, қоғам жастарды ұзақ уақыт «бала» ретінде қабылдайтын болды. Соның салдарынан 16-17 жастағы көптеген жасөспірім әлі де ересек өмірдің жауапкершілігін толық сезіне қоймайды.

Әр дәуірдің өз талабы бар. Дегенмен өткенге көз жүгіртсек, қазақ қоғамында жас адамның жасына емес, қабілеті мен жауапкершілігіне мән берілгенін көреміз. Қазақ қоғамында «адамның жасын сұрамайды» деген түсінік бекер қалыптаспаған. Бұл дәстүр адамның қадірін туған жылымен емес, оның ақылымен, еңбегімен, елге сіңірген қызметімен өлшеуден туған. Сондықтан қазақ арасында жас болса да би, қол бастаған батыр, елге сөзі өткен шешен болған адамдар аз емес. Олардың ешқайсысына «сен әлі жассың» деген уәж айтылмаған. Керісінше, қабілеті мен жауапкершілігі дәлелденсе, қоғамы мойындаған.

Сондықтан бұрынғы қазақ қоғамында жас көбіне биологиялық өлшем ғана болды, ал әлеуметтік мәртебені адамның ісі айқындады. Адамның қанша жаста екенінен бұрын, оның не бітіргені, қандай мінез көрсеткені және ел алдындағы жауапкершілігі маңызды саналды. Осы себепті Абайдың он үш жасында ел ісіне араласуы, Абылайдың жиырмаға жетпей батыр атануы немесе басқа да тарихи тұлғалардың ерте танылуы замандастары үшін тосын құбылыс болған жоқ.

Бүгінгі қоғамда керісінше үрдіс байқалады. Біз көбіне адамның жасына қарап мүмкіндік береміз немесе шектеу қоямыз. «Әлі жасы кіші», «уақыты келеді» деген ұстаным жастардың жауапкершілікті кейінірек сезінуіне әсер етеді. Ал бұрынғы қазақ дүниетанымында жас шектеу емес, адамның ісі мен қабілеті басты өлшем болған.

Бүгін қазақ жастарының арасында ерте жетістікке жеткендер жоқ емес. Олар ғылымда, спортта, өнерде, кәсіпкерлікте танылып жүр. Алайда көпшілігі қоғамның жалпы нормасына деп емес, ерекше мысал ретінде ғана танылады. Ал бұрынғы қазақ қоғамында ерте еңбек ету мен жауапкершілік көпшілікке тән өмір салты болатын. Сондықтан айырмашылық жастардың қабілетінде емес, қоғамның олардан не күтетінінде.

Бұл туралы америкалық педагог Джули Литкотт-Хеймс қазіргі ата-аналардың басты қателігінің бірі – баланың алдындағы барлық кедергіні алып тастауға тырысу екенін жазады. Оның пікірінше, қиындықты бастан кешірмеген бала жауапкершілікті де кеш үйренеді. Бұл ой қазақтың дәстүрлі тәрбиесімен салыстырғанда ерекше мәнге ие: бұрын бала өмірден қорғалмайтын, керісінше өмірге ерте араласатын.

Заман, қоғам өзгерді, сондықтан жастардың өмірге араласу жолы да өзгерді. Бұрынғы қоғам баланы ерте жастан еңбекке, жауапкершілікке үйретсе, бүгін оның қауіпсіздігі мен білім алуына көбірек мән береді. Алайда қай дәуірде де өзгермейтін бір қағида бар: адамды жас емес, өзіне алған жауапкершілігі өсіреді. Сол себепті қажетті білімді ала тұра, өз өміріне деген жауапкершілікті ерте бастан ұғынатын сезім қалыптастыру – қоғамның ендігі негізгі міндеті деп қарастыруымыз керек.

Айша ҚАДЫР

Қатысты жаңалықтар

Есеюдің жасы бар ма?

Есеюдің жасы бар ма?

08.08.2026
Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026
Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

Жергілікті әкімдіктер 2392 грант бөлді

08.08.2026
Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

Үштөбеде «Таза Қазақстан» рейді өтті

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.