№166 сайлау учаскесінде «Ақ әжелер» ансамблі Көкпекті ауылдық округінің сәнін келтірді. Кимешек киіп, қазақы нақыштағы ұлттық киіммен жүрген қарт өнерпаздар ән шырқап, дауыс беріп, Құрылтай сайлауына белсене атсалысуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ақ жаулықты әжелердің әсем әні мен ұлттық болмысы сайлау учаскесіне ерекше көңіл-күй сыйлады. Өнер мен елдік мүддені ұштастырған ардақты әжелер кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді араласып келеді.






