Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АУЫЛ МЕН ҚАЛА АРАСЫ, БАР МЕН ЖОҚТЫҢ БАҒАСЫ

27.02.2024
КҮЛТӨБЕ
АУЫЛ МЕН ҚАЛА АРАСЫ, БАР МЕН ЖОҚТЫҢ БАҒАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде соңғы 10 жылдың ішінде ауылды дамытуға арналған түрлі бағдарламаның қолға алынғанына қарамастан  жұрттың қалаға көшуі жыл сайын артып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына көз жүгіртсек, 2050 жылға қарай урбанизация 70%-ға дейін жетуі мүмкін. Ал бізде ше? Кейінгі жылдардың өзінде урбанизация үдерісі жеделдеген. Мәселен, статистикалық мәлімет бойынша қала тұрғындарының үлесі 56,1%-дан 62%-ға дейін өсті. Соңғы талдау нәтижелері бойынша елімізде 12,3 млн. адам тұратын 90 қала бар. Оның ішінде Астананы 1,4 млн., Алматыны 2,2 млн. және Шымкентті 1,2 млн. тұрғын мекендейді. Ауыл халқы, керісінше,  43,9%-дан 38,8%-ға дейін азайған. Мысалы, бүгінгі күнге елімізде халық саны 50 адамнан аз 549 ауыл бар. Өкінішке қарай, көшке ілескендердің арасында ауылшаруашылығынан хабары бар және істің көзін таба білетін мамандар кеткен. Бірақ урбанизация дамушы елдерде қалыпты құбылыс болғандықтан қалаға көшуді ойға алған білікті маманды байлап ұстай алмайсың.


Мегаполистердің инфрақұрылымдық дамуында жаңа сапалы жұмыс орындарын құру үдерісі ескерілмеген. Ауылдан келген мигранттар сапалы жұмыс таба алмайды. Бұл ретте географиялық қана емес, сонымен қатар секторлық көші-қон да жүріп жатыр. Сондықтан ішкі көші-қонға қалалар уағында қамданбаса, урбанизация ырыққа көнбейді. Мұндайда, қала мен ауыл халқы да тұйыққа тірелуі ықтимал. Соның ішінде қалаға барғандар саяжайға қоныстанып, ондағы тұрмысты жайлы етуге байланысты әлеуметтік қолдау шараларын талап ете бастаса, жұмыссыздар, үйсіз-күйсіздер мен пәтер жалдағандар жылуға, ауызсуға жарымай жүр. Тағы бір мәселе, ел ішіндегі урбанизация келешекте кейбір өңірлерде жұмыс күшінің профицитіне және кей аймақтарда, керісінше, жұмыс тапшылығына әкелуі мүмкін. Мысалы, профицит оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласында байқалуы мүмкін деп болжанса, 2029 жылға солтүстіктегі жұмыс күші 10%-ға және орталық-шығыстағы жұмыс күші 12%-ға қысқаруы әбден мүмкін.

Iшкi iстер министрлiгiнің мәліметі бойынша, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден және қайта тіркеуден жыл сайын шамамен 2 миллион адам өтеді. Елімізде тіркелген азаматтарының көптігі бойынша, Алматы (264 983), Астана (236 961) және Шымкент қалалары (98 441), Алматы (121 665), Түркістан (117 345), Қарағанды (89 632), Қостанай (67 892) және Жамбыл (67 734) облыстары алдыңғы орында. Еңбек нарығы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан өңірлер де, мегаполистер де мұндай көші-қонға бүгін дайын емес. Былтыр Астанада орын алған су тапшылығы бақыланбайтын урбанизация салдарынан туындайтын инфрақұрылымдық проблеманың мысалы.

Дамыған елдерде халықтың төрттен үш бөлігі қалаларда тұрады. Ұлыбританиядағы урбандалу көрсеткіші 83%, АҚШ-та 82%, Францияда 79%, Германияда 75%-ды құрап отыр. Мәселен, Қазақстандағы ресми тіркелген 90 қаланың 70%-ы ұсақ қала, 20-сының ғана халқы 100 мыңнан асады. Яғни, барлығын «мегаполис» деп айта алмаймыз. Шағын қалаларда, әсіресе жалғыз өндіріс орнына қараған моноқалаларда инфрақұрылым (мектеп, балабақша, инженерлік коммуникация, жол) толық шешілмегені мәлім. Осы орайда, облыстарда жаңа өндіріс орындарын ашып, ауылшаруашылығына жаңа технологиялар енгізбейінше Үкімет ретсіз урбанизацияның салдарымен күресе береді. Мәселен, аймақ пен қала қатынасын тиімді қолданған елдің бірі – Нидерландыдағы халықтың 90%-ы қалада, 10%-ы ауылда тұрады. Ал біз жер көлемінің үлкендігін дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Ауыл аумақтарының әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру негізінде елдің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің негізгі бағытымыз болуы тиіс.

Үкімет соңғы жылдары ауыл ажарын көркейту мақсатында біршама жобаларды қолға алып, халықтың ауылда тұруына жағдай жасауға бағытталған бірнеше бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Ауыл – ел бесігі» секілді бағдарламалар мен жобалар жасалып, мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінді. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен 524 млрд. теңге бөлініп, 1,5 мыңнан аса ауылдық елді мекенде 5 мыңнан астам жоба іске асырылды. Әйткенмен оның нәтижесі көңіл көншітпей отырғаны рас. Өйткені ауылдың ахуалына белгілі бір министрлік жауапты емес. Мысалы, ауылға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ауылшаруашылығы министрлігі секілді әртүрлі құзырлы орындардың қатысы бар. Сондықтан бұған Президенттің ауылға қатысты тапсырмаларының орындалуын қадағалап отыратын үйлестіруші мекеме керек.

Ауыл инфрақұрылымының дамымауы – халықтың қалаға ағылуына себеп болып отыр. Қалалы жерлерде еңбек өнімділігі жоғары болғанымен ауылдарда төмен екенін мойындауға тиіспіз. Ал, қалалар келушілерді шектен тыс қабылдап, еңсере алмай жатқаны тағы бар. Бұл жерде ескере кететін басты мәселе – ауыл тұрғындары барлық облыс орталықтарына емес, Алматы, Астана, батыс өңірдегі бірді-екілі қалаларға қоныс аударуға пейілді. Жастардың тұрақты жұмысы болмаса, білім алмаса, қалаға келіп босып кететін болса, бұл әлеуметтік саяси мәселе.

2023 жылдың қаңтар айында «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң қабылданды, ол ірі қалалардың (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды) және олардың агломерациялық аймақтарының экономикалық дамуын теңестіруге мүмкіндік береді. Тұжырымдама шеңберінде ауыл тұрғындарының табысы мен өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ, ауыл халқының кетуін азайту бойынша түрлі шаралар көзделген. Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Ауыл аманаты» жобасының маңыздылығын айқындап, мемлекеттің әрқашан шаруаларға, шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсететініне назар аударды. Өңір тұрғындары бұл бастаманы тиімді пайдалануда. Жалпы, жобаны жүзеге асыру ауылдың мәртебесін арттыруға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, алдағы уақытта халықты ауылдарда тұрақтандыруға мүмкіндік беруде. Дегенмен, құр есеппен ауылдарды қаңыратып бос қоймай, кешенді жағдайлар жасау қажеттігіне, ауылшаруашылығына ғана емес, елдің мәдени өміріне, денсаулық сақтау жүйесі мен инфрақұрылымына назар аудару қажет. Мәселен, ауылдарда баспана, жалақы, мәдени инфрақұрылымдар дәл қаладағыдай қолжетімді болуы тиіс. Әсіресе, білім кластерін құрудың маңызы жоғары. Ветеринария, ауылшаруашылығы ғылымдары бойынша, ал мұнайлы аймақтарда мұнай-газ мамандықтарына оқытатын білім ошақтарын көтеру керек. Сонда ғана біз ішкі миграцияны аз да болса ауыздықтай аламыз.

Фермерлерді көбейту – индустрияландыруға жол ашу. Мұндай үрдістер аграрлық өнеркәсіпке тәуелді болып қалған елдерде қызу жүріп жатыр. Оған Аустралия, Бразилия, Жаңа Зеландия, Корей елдері мысал бола алады. Олардың ауылшаруашылығы саласын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру қажет. Нарық заңдылығына сай бәсекеге бейім экономиканы қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан жеке бизнес өкілдеріне қолдау көрсету – әлемдік тәжірибенің озық үлгісі. Осы негізде түркістандық кәсіпкерлер де Үкімет тарапынан көрсетілген қаржылай қолдау құралдарын пайдалану арқылы өз ісін дөңгелентіп отыр.

Жалпы, шалғай және шегара маңындағы елді мекендерді дамыту және жаңғырту ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық маңызды бөлшегі. Шегара маңындағы ауылдардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бөлек бюджеттік бағдарлама ашу қажет (моноқаланы дамытуға бағытталған бюджеттік бағдарлама аналогиясы бойынша).Қолданыстағы заңнамада белгіленген ауылдық үстемеақыдан тыс мемлекеттік шегараға 50 шақырым жақын орналасқан ауыл қызметкерлері үшін лауазымдық жалақыға 25%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде (республикалық бюджеттен) үстемеақы белгілеу арқылы жас мамандар үшін ауылдық жерлерде, шегара маңындағы аумақтарда еңбек қызметін жүзеге асырудың тартымдылығын арттыру қажет. Қазір, Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен ауылдық жердегі жұмысы үшін 25% мөлшерінде үстемеақы белгіленген.

Мемлекет құрылыс саласымен айналысып жүрген ірі кәсіпорындармен бірлесіп шалғай елді мекендерде шикізатты өңдейтін жергілікті өндіріс ошақтарын ашуы қажет.

Кез келген адам жақсы жерде, жайлы өмір сүруді қалайды. Оны тежеп, тоқтату мүмкін емес. Жағдай жасалса, тіршілік жанданса, жергілікті өндіріс ошақтары ашылса ауылдардың дамымауға хақысы жоқ. Бұған қоса, ел ішінің тепе-теңдігін сақтау және бос жатқан жерлерді тиімді игеру үшін ауыл мен қаланың өркениеті бірдей дамып, нығаюы керек.

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ,
ҚР Парламенті Сенатының 
 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

09.08.2026
Азияда топжарды

Азияда топжарды

09.08.2026
Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.