Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СУДЫ ҮНЕМДЕУ. КӨЛІК ЖУУ ОРЫНДАРЫНДА СУДЫ ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ

20.02.2024
КҮЛТӨБЕ
СУДЫ ҮНЕМДЕУ. КӨЛІК ЖУУ ОРЫНДАРЫНДА СУДЫ ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ
WhatsAppTelegramFacebook

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда су ресурстары тапшылығының алдын алу және еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Президент айқындап берген міндеттер қалай орындалып жатқаны туралы айтты.

  1. Қазақстанда су тұтыну, су ресурстарына ұқыпты қарау және үнемдеу мәдениетін енгізу.

Су ресурстары және ирригация министрлігі бұл мәселеде алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін назарға алды. Мәселен, Германия су ресурстарын басқару саласындағы Еуропа мен әлемдегі ең прогрессивті елдердің бірі болып табылады. Бұл тек су объектілерін қорғауда ғана емес, сонымен қатар ауыз суды үнемдеуге және өнеркәсіпте суды тиімді пайдалануға да қатысты.

«Германияның су заңнамасына сәйкес су — табиғаттың бір бөлігі болып табылады және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік кеңістігі ретінде қорғалады. Олардың су туралы Заңының негізгі қағидасы — «арнайы рұқсат етілмеген нәрсеге тыйым салынады». Әлемдік озық тәжірибеге назар аудара отырып, біз Су кодексін өзектендірдік. Парламент Мәжілісіне енгізілген құжаттың жаңа редакциясында суды сарқылудан, ластанудан және бітелуден қорғауға басымдық берілді. Ресурстың өзі енді тек экономикалық пайда көзі ретінде қарастырылмайды»,— деді Нұржан Нұржігітов.

Жаңа Су кодексінде кәсіпорындардың суды үнемдеуіне, тазартуына және қайта пайдалануына ерекше мән беріледі. Мысалы, бір көлікті жууға 200-250 литр су, ал бір жүк көлігіне 500-700 литрге дейін су жұмсалады. Бұл жылына шамамен 100 миллион текше метр су.

«Шағын және орта бизнес нысандары іс жүзінде ауыз суды пайдаланатын болғандықтан суды қайта пайдалану технологияларын енгізудің шұғыл қажеттілігі бар. Жергілікті тазалау құрылыстарын (ЖТҚ), атап айтқанда, автокөлік жуу орындарында енгізу орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен ауыз суды тұрақты қоспай және тұтынбай суды қайта пайдалануға мүмкіндік береді»,— деді Су ресурстары және ирригация министрі.

Осыған байланысты министрлік мынадай өзгерістерге бастамашы болуға ниетті: суды қайта пайдалану жүйесі жоқ ұйымдар осындай жүйеге көшу жоспарын ұсынуға міндетті.

Ал 5 ақпанда қабылданған ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес су саласын төмендегі бағыттар бойынша дамыту жоспарланып отыр:

  • Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте су тасымалдау кезінде өнімсіз шығындарды азайту;
  • Су үнемдеу технологияларын енгізу. Суармалы суды 20-30% үнемдеу қосымша суару алаңдарын енгізуге және су ресурстарын пайдалану өнімділігін 2-2,5 есе арттыруға мүмкіндік береді;
  • Бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін судың аз мөлшерін пайдалануға мүмкіндік беретін қолда бар су ресурстарын ұтымды пайдалану.
  • Деректерді жинау және талдау жүйесін құру, еліміздің су қауіпсіздігіне қауіп-қатерлер мен экологиялық, экономикалық, ғылыми және саяси негізделген ден қою шаралары бар болжамдар мен жоспар әзірлеу. Бұл бағыттағы қадам — түпкілікті тұтынушыға дейін судың таралуы мен пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретін су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
  • Су экожүйелерін сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ әртүрлі экономикалық қызмет түрлері үшін еліміздің су ресурстық әлеуетін арттыру. Мәселен, Су кодексінің жаңа редакциясына сәйкес халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су алудың рұқсат етілген мөлшері өзен, көл және теңіз экожүйесін сақтау үшін қажетті өзен ағынын ескере отырып есептелетін болады;
  • Елдің су ресурстарын сақтауды және суды қорғау мен пайдалануға қойылатын талаптарды заңнамалық реттеу. Мысалы, жаңа Су кодексі министрліктің бассейндік инспекцияларына қадағалау функцияларын береді. Сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдар су ресурстарына қоғамдық бақылау жүргізу үшін аккредитация ала алатын тәртіп жазылған.

2.Су ресурстарын басқару мәселесінде басқа елдердің тәжірибесін зерделеу.

Су ресурстары және ирригация министрлігі шетелдік озық тәжірибені белсенді қабылдап жатыр. Ведомство жаңа Су кодексін және осы жылдың 5 ақпанында қабылданған ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу барысында басқа мемлекеттердің жұмысын мұқият талдады.

Тұжырымдаманы құрастыру кезінде басқа елдердің тәжірибесін таңдау қарастырылып отырған бағытқа байланысты болды. Мысалы, су үнемдеу жүйелерін, сондай-ақ ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану технологияларын енгізу нормаларын әзірлеу кезінде Израиль, Испания және Сингапурдың тәжірибесі ескерілді. Су тасқыны мен еріген қар суының алдын алу пунктерін әзірлеу кезінде Нидерланды мен АҚШ тәжірибесі қарастырылды. Су ресурстарын қорғау және басқару мәселесінде Оңтүстік Корея, Австралия, Түркия, Еуроодақ және оның ішінде Германия сынды жекелеген елдерінің тәжірибесіне сүйенді.

Көрші мемлекеттердің тәжірибесі де назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, су саласында кадр даярлау бағытында Қырғызстан мен Өзбекстанның білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары мұқият зерделенді. 

Ал қаңтар айының соңында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қатысуымен өткен кеңесте «Болашақ» білім беру бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» және «Су қауіпсіздігі» сияқты жаңа су саласының мамандықтары енгізілгені туралы жарияланды. Қазақстандық студенттер осы жылдан бастап аталған бағыттар бойынша шетелде білім ала алады.

Сонымен қатар, жетекші мамандарды тарту, отандық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бірлескен бағдарламалары, суарудың, үнемдеудің және суды тазартудың заманауи технологияларын енгізу сияқты мәселелер бойынша Ұлыбритания, Германия, Франция және т.б. мемлекеттердегі әріптестермен үнемі кездесу өтіп тұрады. Мысалы, Мажарстан мемлекетімен олардың су тазарту қондырғыларын зерттеу және ағынды суларды тазарту бойынша кеңес беру туралы келісім бар.

  1. Су үнемдеу технологияларын ауқымды түрде енгізу. Қазақстанның оңтүстігінде суармалы су тапшылығының алдын алу.

Министрлік Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 км суару желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, бұл 362 мың гектар суармалы жердегі суды есепке алуды қамтамасыз етеді және жыл сайын 600 млн текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан аумағында суды тиімді пайдалану технологияларын енгізу жоспарлануда. 2030 жылдың соңына қарай республиканың суармалы жерлерінің жалпы көлемінің 50% — дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамту арқылы жылына 2,1 текше шақырымға дейін су үнемдеу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігінде су беру және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 105,1 мың гектар жер. Жұмыс басталғаннан бері 74,5 мың гектар ауылшаруашылық жерлеріне су беру жақсарды. Ал суару желілеріндегі судың шығыны 193 миллион текше метрге дейін азайды.

Шаруаларды ынталандыру шаралары да әзірленіп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп су үнемдеу жүйелерін орнату және жабдықтарын сатып алу шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ал жаңа Су кодексінде су үнемдеу технологияларын енгізу дәрежесіне байланысты су беру қызметіне төмендетілген тариф және субсидиялар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

Сондай-ақ, суармалы су тарифін өсірілетін дақылдардың түрлеріне және олар тұтынатын су көлеміне қарай есептеу ұсынылады.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің аумағында су үнемдеу технологияларын енгізу және су қоймаларын тазарту саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша шетелдік компаниялармен 17 кездесу өткізді.

Осы жылдың қаңтар айының соңында ведомство Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Алматы облысында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске су беру жабдықтарын өндірушілер мен ірі шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Нәтижесінде Алматы облысының әкімдігі мен қытайлық ірі компаниялар арасында өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу және инвестиция тарту бойынша бірнеше меморандумға қол қойылды.

Мажарстандық Water&Soil компаниясымен еліміздегі суармалы алқаптарда топырақта ылғалды ұстап тұру үшін органикалық препараттарды қолдану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл үлкен көлемде су үнемдейді және өсімдіктерді құрғақ кезеңдерде де ылғалмен қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су ресурстарын үнемдеудің тиімді шаралары жазылатын су үнемдеудің кешенді жоспары бойынша жұмыс басталды.

Фото: Азаттық рухы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

09.08.2026
Азияда топжарды

Азияда топжарды

09.08.2026
Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.