Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕҢ ҮЛКЕН СЫЙЛЫҚ — КІТАП ЕДІ

07.03.2023
КҮЛТӨБЕ
ЕҢ ҮЛКЕН СЫЙЛЫҚ - КІТАП ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жерінің ақын қыз-келіншектерінің есімдерімен, өлеңдерімен бала күнімнен таныспын. 6-7-сынып оқып жүргенімде Светлана Буратаева мен Зайда Елғондиновадан хат алатынмын. 

Екеуі де менің балаң өлеңдеріме салмақты талдау жасап, жауап жазады. Осыған қуанған шешем марқұм көршілерге бір шәугім шай беріп, әлгі хатты дауыстап оқып беретін.
Бір үйде 8 бала едік. Бауырларым оқып қоймасын деп әлгі хаттарды мұқият жинақтап, жастығымның астына тығып қоямын. Бірде қарындасым Шолпан әлденеге ренжіскенімізде: «Ей, Жәкеш, сенен ақын шықпайды!» – деп қатты айтқаны бар. Соған намыстанып, газет-журналдарға шыққан ақын-жазушыларды жібермей оқитынмын.
Топырағы құнарлы Жетісу жерінен желкілдеген құрақтай ақын қыз-келіншек көп шықты. Солардың бүгінгі жалғасы ретінде Гүлбақыт Қасенова мен Сағыныш Намазшамованың өлеңдерін қызығып оқимын. Олардың сыршыл, сезімтал поэзиясы еліміздің әр қиырында жүрген нәзік жандардың шығармашылығынан мысқалдай да кем емес. Екеуінің нәзік өлеңінде тағдырдың мұңы, сыры жатады. Гүлбақыттың балаларға арнаған өлеңдері кәдімгідей ойыңа, миыңа құйыла кетеді. Ойнақы, жинақы, тап-тұйнақтай, балалардың жаттап алуына оңай. Ал Сағыныш соңғы кездері бір шумақты өлеңдер жазып, шетелдік ақындардан аударма жасап жүр. Жазғандары өте сауатты. Осыған орай екеуін «Үркер» хабарына шақырып, шығармашылығын талдауды көздеп отырмыз.
Әкем Нұрақын Қорғасбеков те, шешем Күләш Бақтиярқызы да ақынжанды жандар еді. Менің балаң жырларымның алғашқы оқырманы шешем болатын. Екі жыл Сібірдің қалың орманын мекен еткен әкемнің жазу-сызуға құмарлығын бір жеңгеміздің: «Молдажан маған Сібірден бір пар бәтіңке әкеліп беріп еді», – деп мақтанып, сөз қылғанынан білдік. Кейіннен жасы егде тартып, науқастанып жатқанында өлеңдерін жинақтауды өтіндім. Сонда әкем: «Қайтесің, балам, кесірі тиіп кетуі мүмкін…» – деп тақырыпты жылы жапты. Сосын қайтыс боларының алдында жазғандарын сандықтан шығарып, отқа тастатты. Соған әлі күнге өкінемін. Тағдырдың сынынан өткен әкеме қолдау танытып жүрген шешемнің қаражаяу еместігін бағамдаймын. Шешем ауылдың үлкен кісілерімен бірге «Әжелер» ансамблінде ән шырқайтын. Әсіресе, үлкен тойларға шешемізді қолқалап әкететін.
Бірде біздің үйге қасына кеңшар директорын ерткен ауданның бірінші хатшысы келді. Шай ішіп отырып, әкемді партияға өтуге үгіттеді. «Өтсеңіз «Социалистік Еңбек Ері» атағын әпереміз!» – деген уәде берілді. Сондай атақтан бас тартқан әкеме кейіген шешеміз: «Мына, шиеттей бала-шағаға көмегі тиетін еді ғой, неге өтпедің?» – деп сұрады. Үйдегі балалар кезектесіп сүйреп ойнайтын үлкен шотты алып, тастарын ары-бері қағып-қағып жіберді де төлейтін жарнасының қандай болатынын есептеп берді. Сонда ешқандай саяси астармен емес, таза үнемшілдікпен партия мүшелігінен бас тартқанын білдік. Сөйте жүріп, балаларының бәрін оқытуға күш салған ата-анама шынында разымыз. Тапқан-таянғанын біздің білім алуымызға жұмсап, өзгенің қолына жәутеңдетпей өсірді.
Біздің бала күнімізде қыздарға гүл беру деген нәрсе жоқ болатын. Онда ең үлкен сыйлық – кітап! Сонда сыныптас қыздарға үйдегі кітапты сыйға ұсынып, қуантып жүреді екенбіз. Оны кейін шешем марқұм айтады: «Сен үйден әкеткен кітаптың бірінші беті жыртық болатын», – деп. Үйде сыйлыққа жарарлық кітап сол болса керек.
Менен 2-3 жас үлкен Сәуле деген қыз кейін біздің үйге түсіп, жеңгемізге айналды. Соның жинаған көп кітабы бар болатын. Бір кітабын алып оқығаным есімде. Онда да кітапқа қойылған реттік нөмірі есімде қалыпты. Соған қарап жеңгемнің сонша кітабы болғанын білу қиын емес.
Яғни, менің жасөспірім шағымда адамдар бір-біріне кітап сыйлап, өзара қуанышқа кенелуші еді. Екеуара әңгіме бола қалса әлдебір кейіпкердің әрекеті айтылып, шығарманың айтар ойы, жасырған даналығы талқыланатын. Сол арқылы адамдардың ақыл-ойы, санасы, шешендігі, ділмарлығы қалыптасатын. Тіпті, жас ұрпақтың оқитын өз әдебиеті, үлкендердің өз кітабы болатын. Бірде жаяу келе жатып, қалың шаң басқан жолдың бойынан сыртында әлдебір әйел адамның силуеті кескінделген көкшіл түсті кітап тауып алдым. Сөйтсем, Ілияс Есенберлиннің «Ғашықтар» повесті екен. Үйге әкеліп, ешкімге көрсетпей оқып жүрдім. Бір күні үлкен әпкем Ұлбосын үй жинап жүріп, әлгі кітапты мен тыққан жерден тауып алыпты. Сосын шешеме: «Балаңыз қандай кітап оқып жүргенін қараңыз! Масқара!» – деп бетін шымшып көрсетті. Содан қайтып әлгі кітапты көрмедім.
Міне, осыған қарап, кітап оқу дәстүрінің сол кезеңде қалай қалыптасқанын білуге болады. Үлкен-кіші жаппай кітаппен сусындап, кітаптан білім алатын.
Бір сыныпта оқыған қыздар аудандық газетке шыққан өлеңдерімді бөлектеп: «Жәкеш мына өлеңін бәлен қызға, түген қызға арнапты», – деп мазақтап жүретін. Осылайша қатарластарыма жүректі тербеген жыр арнағаным анық.

Жүсіпбек Қорғасбек,
жазушы

 

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.