Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ. ҚОС МАЙДАНГЕР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА КЕЛДІ

21 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ. ҚОС МАЙДАНГЕР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Сарбаздар жыры» атты мерекелік кеш өтті.

Аталмыш жиынның шымылдығы №7 орта мектебі «Жетісу тарландары» тобының еліміздің көк байрағын салтанатты түрде алып шығуымен ашылды. Шараның алғашқы құттықтау сөзін С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева алды. Ол: «Аға буын мен жас ұрпақтың Отанымызды қорғап, қызметке айтулы үлес қосқандарын біз әрқашан мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін», — деп өзінің ақжарма тілегін білдірді.

Кеште өнерпаз Бауыржан Түркістанұлының орындауында «Қазақстан» әні шырқалды. Сонымен қатар, Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры, әділет подполковнигі Ғалымжан Төребаев, қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы, полковник Ерен Мейірбеков, Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы сөз алып, өз ой-пікірімен бөлісті.

Шарада Талдықорған гарнизоны әскери прокуротурасының атынан ардагерлерге сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, қорғаныс істер жөніндегі басқарма басшысының атынан кітапхана директорына Алғыс хат және ардагерлерге арнайы гүл шоқтары мен сыйлықтар ұсынылды. Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай ҚР Қорғаныс министрінің жедел хаты 23 ардагерге табысталды. Жиналған қауымға Отан соғысының ардагері Қаңтарбай ата ақ батасын берді. Артынша Отан соғысының ардагері Төлеубай Шектібаев сөз алып, өзінің соғыстағы естеліктері жайлы әңгіме өрбітті.

Жиында №4 орта мектеп бүлдіршіндері ерлікке үндейтін өлең шумақтарын жатқа оқыды. Оқушылар сарайының мың бұралған бишілері би билеп, «Үміт» мүмкіндігі шектеулі орталығының өнерпаздары мен Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері өнер көрсетті. Мерекелік шара полиция сержанты Ғабит Маратұлының орындауындағы «Көк Тудың желбірегені» әнімен түйінделді.

Кәмилла ТҰЯҚОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.