Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЗАМАНА ЗАҢҒАРЛАРЫ

19 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
ЗАМАНА ЗАҢҒАРЛАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тұздыбастау ауылдық Мәдениет үйінде заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай «Замана заңғарлары» атты конференция ұйымдастырылды. Оған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мұрындық болды.

Конференцияда алғашқы болып сөз тізгінін алған «Әділет» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Әнес Ғарифолла:
– Биыл ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының, Дінмұхамед Қонаевтың мерейтойлары аталып өтпек. Бүгінгі басқосуды осы мерейтойлардың тоқымқағары деуге болады. Өздеріңізге мәлім, ел Президентінің наурыздағы Жолдауынан кейін елімізде тың серпіліс орын алуда. Қапшағай қаласының Қонаев атамыздың атына ауысып, облыс орталығына айналатыны көпті қуантуда, – деді.
 Келесі кезекте сөз сөйлеген Халықаралық «М. Әуезов» қорының президенті Диар Қонаев қос тұлғамен де туыстық байланысы бар екенін алға тартты. Дінмұхамед Ахметұлы басшылық жасаған жылдары кең-байтақ Қазақстанда 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала салынғанын атап өтіп, өзі іргесін қалаған Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі берілуі зор мақтаныш екендігін жеткізді.
Мінберге шыққан Халықаралық «Ә. Марғұлан» қорының вице-президенті Данеля Әлкейқызы аты әлемге әйгілі ғалым, археолог, тарихшы, этнограф, филолог, академик әкесі Әлкей Хақанұлының қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, ғылымына қосқан ұшан-теңіз еңбегіне шолу жасап, қызықты деректермен бөлісті. Мұхтар Әуезовпен қарым-қатынасы туралы әңгімеледі. Әкесінің еңбегін көздің қарашығындай сақтап, жинақтап, ұсынуының нәтижесінде биылғы жылы 14 томдық кітаптың басылуына мұрындық болғандығын да атап өтті.
Сондай-ақ, конференция барысында сөз сөйлеген М.  Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаһан Жұмабердіқызы, М. Әуезов атындағы мұражай үйінің ғылыми қызметкері Ермек Ханкей, «Д. Қонаев» атындағы халықаралық қордың вице-президенті Болат Байбол, жазушы Талғарбек Смаил­ұлы, Қонаев мұражайының директоры, филология ғылымдарының докторы Болысбек Батталханов, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Ғ. Мүсірепов» атындағы қордың төрағасы Ғабиден Жакей, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Әбікен Бектұровтың немересі Анеля Бектұрова естеліктерімен бөлісті. Қос тұлғаның үрім-бұтақтары айтқан әңгімелерді тұздыбастаулық тұрғындар мен мектеп оқушылары сүттей ұйып тыңдады. Замана заңғарына айналған тарихи тұлғалардың өмір өткелдерін өзек еткен конференциядан өскелең ұрпақ зерделі ой түйіп қайтты.

Ұлбосын ИСАБЕК
Тұздыбастау ауылы,
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.