Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МАЙДАНГЕР ЖОЛЫ

16 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
МАЙДАНГЕР ЖОЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл толды. Бірақ соғыс салған жарақат табы әлі де санадан өшер емес. Қайта қан майданда от кешкен каһарман жауынгерлеріміздің ерлік істері жыл өткен сайын жарқырай көрініп, жаңа қырлары ашыла түсті. Соның бірі – майдангер жазушы Сұлтан Ілиясов. Бүгінде Талдықорған қалалық мемлекеттік архивіндегі  ТММ. 4-қор, 1-тіз., 3-іс,   ТММ. 651-қор, 1-тіз., 9-іс,   ТММ. 651-қор, 1-тіз., 10-іс,   ТММ. 651-қор, 1 (жалғ.)-тіз., 35-іс құжаттарында Сұлтанның өмірбаяны туралы материалдар, суреттер  сақталған.

Сол құжаттарда көрсетілгендей,  Сұлтан Ілиясов 1925 жылдың 10 мамырында, қыстақ Малай  (Малайсары) батыр ауылы, Жарма ауданы, Семей облысында дүниеге келген. Әкесі Ілияс Жангөбекұлы 1942 жылы соғысқа аттанып, Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза табады. Анасы Қадиша Оспанқызы 40 жылдан аса ұжымшарда жұмыс істеп, 1998 жылы дүние салыпты. Сұлтан бала күнінен әдебиетке ден қойып, кітаптарды іздеп жүріп оқып, ел аузындағы қисса-дастан мен жырларды жаттап өскен. Еңбек жолын 1941 жылдың мамыр айында ұжымшарда есепші, тракторист болып бастапты.       1942 жылдан 1946 жылдары Кеңес армиясы қатарында Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қарумен бірге қаламын ала жүріп, өлең шығарып, мақала жазып, оларды майдан шебінде жарық көріп тұратын «Отан үшін» «Қызыл Әскер», елдегі аудандық, облыстық республикалық  газеттерге жариялап, қанды көйлек серіктерінің рухын көтереді. Сонымен қатар, соғыс майданы қанша қатерлі болғанымен болашақ жазушының адамдармен араласып, жан-дүниесін түсінуге, сан тілде сөйлеп, әлемді тануға үлкен көмегі тиді.

Соғыс бітіп, тыныштық орнап, елге қайтып келгеннен кейін Бүкілодақтық Коммунистік партияның жоғары мектебінде «Журналист және заңгер» мамандығына оқуға түседі. Оны бітіріп шыққан соң 10 жылдай түрлі мекемеде басқарушы қызметтерде болды. Ауылдық, аудандық, облыстық кеңестердің депутаттығына бірнеше мәрте сайланды. Сонымен қатар,  өткен ғасырдың 60-70-80 жылдарында республикалық «Қазақ әдебиеті», «Талдықорған», «Алатау», «Ана тілі», «Социалистік Қазақстан» газеттері мен Семей, Талдықорған облысында шығатын  «Семей правдасы», «Прииртышская правда», «Заря коммунизма», «Октябрь туы», тағы да басқа басылымдарда 150-ден астам әңгіме-өлеңдерін жариялап,  8 кітапты баспадан шығарады.         

Соғыс жылдарында  Сұлтан Ілиясов  Отан соғысының І-ІІ дәрежелі екі орденін, Украина жерін, Прага қаласын азат ету, Германиядағы жеңіс, ерлік пен батылдығы үшін тағы  бірнеше медальдарды кеудесіне тағады. Сондай-ақ, әскери бөлімдердің қолбасшылары мен бас қолбасшы И. Сталиннің Грамотасымен марапатталған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі, «Қазақ тілі қоғамының» белсенді ұйымдастырушысы ретінде студенттер, оқушылар, жастар, сарбаздармен жиі-жиі кездесулерге қатысып,  жұмыс тәжірибесімен бөлісіп келеді.    

Аға буын жасаған ерлік істері – Отанға қызмет етудің және патриотизмнің озық үлгісі. Олар бүгінгі бейбіт өмірімізге, жарқын болашаққа жол ашты. Бұл ешқашан ұмытылмайды.

Гүлнар Шарипова,
Талдықорған мемлекеттік архивінің кадр және
қаржы-
шаруашылық қызметі бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.