Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҚАПШАҒАЙҒА ҚОНАЕВТЫҢ АТЫ БЕРІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУҚЫМДЫ ЖИЫН БОЛДЫ

08.05.2022
ТҮПСАНА
ҚАПШАҒАЙҒА ҚОНАЕВТЫҢ АТЫ БЕРІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУҚЫМДЫ ЖИЫН БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қонаев қаласына Дінмұхамед Ахметұлының есімі берілуіне байланысты салтанатты шара ұйымдастырылды. Қонаев қаласында өткен жиынға Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ қатысты.

Қалаға мемлекет және қоғам қайраткерінің туған-туыстары, замандастары мен әріптестері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ғылым мен шығармашылық иелері, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар жиналды. Олар алдымен қаланың орталық алаңындағы Д.Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мұнда Алматыдағы Д.Қонаев атындағы музей экспонаттарының көшпелі көрмесі қойылды. Көрмеде Дінмұхамед Ахметұлының жеке заттары ұсынылды, фотокөрме, мерекелік концерт  ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Қанат Бозымбаев Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстанды дамытудағы және қалалар салудағы ерен еңбегіне тоқталды.

— Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев елімізде 43 қаланың салынуына атсалысты. Соның 7-еуі Алматы облысындағы Есік, Қаскелең, Сарқан, Талғар, Үшарал, Үштөбе, сосын, әрине, осы Қапшағай, яғни, қазіргі Қонаев қаласы. Сондықтан өзі салдырған қалалардың біріне атын беру – лайықты құрмет көрсету деп білеміз. Мемлекет басшысының бастамасымен қала халқының қолдауымен тарихи әділеттілік қалпына келтірілді. Қаланы қалыптастыру, ГЭС пен су қоймасын салу – Дінмұхамед Қонаевтың тікелей еңбегі. Сонымен бірге, Президенттің Жарлығына сәйкес облыс екіге бөлінгеннен кейін Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы болады деп бекітілді. Бұл қаланың дамуына жаңа серпін беріп, мегаполистің маңайындағы аудандардың қордаланған әлеуметтік мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік жасайды, — деді Қ.Бозымбаев.

Облыс басшысының айтуынша, алдағы уақытта Қонаев пен Алматы қалаларының арасын серіктес қалалар жалғайтын болады. Қазір қажетті инфрақұрылым жасалған, қала одан әрі дамиды. Бұл ретте жобаның жаңартылған тұжырымдамасында қала экономикасының өнеркәсіптік, туристік, ойын-сауықтық бағыттарын дамыту қарастырылған. Яғни, бюджет түсімі мен тартылатын инвестиция көлемі артады деген сөз.

— Қалаға жаңа атау беріліп, жаңа мәртебеге ие болуы – өзгерістің басы. Қазірдің өзінде тұрақты жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй қорын көбейту, қаланың инфрақұрылыммен қамтылуы мен көркейтілуін кешенді түрде қарастыратын жоспар әзірленуде. Қаланың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, қай жағынан болсын, жаңа тарихы басталды деп сеніммен айтуға болады. Қонаев қаласының тұрғындары да өзгерістерге белсене атсалысады деп сенеміз, — деген Қанат Бозымбаев көпшілікті Жеңіс күнімен және қала атауының ауысуымен құттықтады.

Шарада Д.Қонаевтың туысы, қайраткер атындағы қордың президенті Эльдар Қонаев лебізін білдірді:

— Дінмұхамед Ахметұлының отбасының атынан қалаға есімін беруге қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен ризашығылығымды айтамын. Бұл тарихи шешім – Дінмұхамед Қонаевтың елге сіңірген көп жылғы еңбегіне көрсетілген құрмет. Сол жылдарда республикамыздың экономикасы 7 есе артыпты. Ол Алматы облысына ерекше көңіл аударатын, ал сайын далаға тұрғызылған Қапшағай қаласына деген ықыласы бөлек еді. Оның барлық қалыптасу, даму процестері Дінмұхамед Ахметұлының жіті назарында болды. Сондықтан, біз қайраткердің 110 жылдық мерейтойлық кезеңінде атын Қапшағай қаласына беру туралы жаңалықты қуанышпен қабылдадық. Бұл шешім қаланың одан әрі жаңа леппен дамуына жол ашады деп сенеміз. Қонаев қаласы өсіп-өркендей берсін! – деді ол.

Социалистік Еңбек Ері, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген агрономы Вера Сидорова мен генерал, қоғам қайраткері, Дінмұхамед Қонаевтың басшылығымен түрлі лауазымдарда 20 жылдан астам еңбек еткен Амангелді Шабдарбаев естеліктер айтып, тілектерін жеткізді.

Ғалым, химик, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов бірнеше зерттеу еңбектерінің авторы болған саясаткердің ғылымдағы жетістіктеріне тоқталды. Ертеректегі жылдарды еске алып, Дінмұхамед Ахметұлымен кездескен, бірлесіп жұмыс істеген кездері туралы әңгімеледі. «Ол кісіні Димеке дейтінбіз», — деген М.Жұрынов Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстан тарихындағы айтулы қайраткердің бірі екенін атап өтті. Бұл пікірлерге қолдау білдірген қала халқы қызу қол соқты. Д.Қонаевпен бірге қызмет еткен, оны білетін өзге де азаматтар қайраткерге құрмет көрсетіп, сөз арнады.

Жиын соңында Қапшағайды салуға қатысқан құрылысшы, қаланың Құрметті азаматы Александр Чжен:

— Мен Қапшағай ГЭС-ін салуға жас маман болып келген едім. Бүгін қаламыздың облыс орталығы мәртебесін алуымен, оған біртуар азамат Дінмұхамед Қонаевтың аты берілуімен құттықтау бақытына ие болып отырмын. Қаламыздың тарихы Дінмұхамед Ахметұлының есімімен тығыз байланысты. Ол Қапшағай ГЭС-і ғимаратының алғашқы іргетасын қалап қана қойған жоқ, оның басшылығымен қаланың маңызды көлік-логистикалық нысандары салынды. Біз, ардагер құрылысшылар, қалаға Қонаев есімі берілгеніне шын жүректен қуандық. Мерекелеріңіз құтты болсын, қонаевтықтар! — деді.

Осы күні қайраткерге арнап ас берілді.

Жалпы бүгінде Алматы облысында Д.Қонаевтың атымен аталатын 8 білім мекемесі, 114 көше бар, 8 ескерткіш орнатылған. Жуырда Балқаш ауданы Бақанас ауылында тағы бір ескерткіш қойылады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

09.02.2026
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

09.02.2026
Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі

Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі

09.02.2026
Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

09.02.2026
Динара Закиева: «Балаларға қарсы қылмыстардың басым бөлігі үйде жасалады»

Динара Закиева: «Балаларға қарсы қылмыстардың басым бөлігі үйде жасалады»

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.