Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«АЛАТАУ» ЖАСТАР ХОРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ — АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

26 сәуір 2022
РУХАНИЯТ
"АЛАТАУ" ЖАСТАР ХОРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 90 жылдығына орай «Алатау» жастар хорының шығармашылық концерті өтті.

Аталмыш шараның шымылдығы «Алатау» жастар хоры дайындаған бейнефильммен ашылды. Өз кезегінде алқашқы құттықтау сөзді Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев алды. Ол:

— П.Чайковский колледжі 1932 жылы құрылған. Яғни, биыл – 90 жылдығы. Соған орай біз пандемиядан кейін концерттік сапарларымызды Талдықорған қаласынан бастадық. «Алатау» хорын алып келдік. Бұл хор соңғы 3-4 жылда көптеген байқаулардың жеңімпазы атанды. Шетелдегі байқаулардың лауреаты болды. Жетісудің халқын өзіміздің хор музыкасының жетістіктерімен таныстыру және бір жағынан мерейтойды атап өту үшін келіп отырмыз. Концерт жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін, – деп өзінің ақжарма лебізін білдірді.

Шарада сахнаның сәнін келтірген жеке дауыста Әдемі Оңдасынның орындауындағы Гершвиннің «Любимый мой» әні ел назарын өзіне аудартты. Сондай-ақ, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері де тәжірибе алмасу мақсатында өз өнерлерін паш етті.

Жиында хордың көркемдік жетекшісі және дирижері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Зияда Накибаева мен «MAGIC VOICE» вокалды ансансамблінің көркемдік жетекшісі Мақсат Төлеумырзаға, қылқобызда ойнаған халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Дана Есеналиеваға көрермен ерекше құрмет көрсетті.

Шарада Қ.Байсейтов атындағы саз колледжі ұжымының атынан П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев пен оның ұжымына Алғыс хат табысталды. Тыңдарманның ыстық ықыласына бөленген «Алатау» жастар хорының концерттік бағдарламасы Nathaniel Brenner and Merrill Garbus-тың «Water Fountain» әнімен өз мәресіне жетті.

Кәмила ТҰЯҚОВА

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.