Талдықорған: +30°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП. МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

28.02.2022
КҮНДЕРЕК
ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП. МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданына қарасты Көпбірлік, Алмалы елді мекендерінде ауыл әкімінің есебі тыңдалды. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Әлімбаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, Қаратал ауданының әкімі Ерлан Исабеков және әр саланың жауапты мамандары қатысты.

Ең бірінші Қызылбалық ауылдық округінің әкімі Мақсат Төлегеновтің есеп берді. Есеп беру кезінде ауыл әкімі өткен жылда істелген жұмыстарға кеңінен тоқталды. Жалпы жергілікті бюджеттен 26 млн. 412 мың теңге бөлініп, 100 пайызға орындалған. Бір округке Көпбірлік, Қарақұм ауылдары қарайды. Екі ауылдан көлік, жылжымайтын мүлік бойынша салық төлеу міндеті толықтай орындалған. Халық саны 1340 адамды құрайды. Тұрғындардың негізгі табыс көзі – балық аулау және мал шаруашылығы. Бұл тұрғыда мал саны жылдан-жылға артып, жеке шаруа қожалықтары ашылып жатыр. Бүгінде шағын кәсіпкерлікпен айналысушылар 85 адамды жұмыспен қамтып отыр.  Балық аулау саласы бойынша да ілкімді істер көп. Өткен жылы бюджетке орта және шағын кәсіпкерлерден қаражат көзі 4 млн. 2658 теңгені құраған. Ауыл әкімі Мақсат Көшкінбайұлы өткен жылдағы жасалған жұмыстармен қоса алдағы атқарылатын істерді де тілге тиек етті. Мәдениет үйінің өртеніп кетуіне байланысты 2022 жылы жаңа ғимарат салу жоспарға енгізілген. Сондай-ақ, әкім интернет желісі жұмыс істемейтінін, соған байланысты ұялы телефон желісін қамтамасыз ететін компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатқанын айта кетті.

Осы орайда ауыл тұрғындарын алаңдататын мәселелер өте көп. Мәселен, Қаратал өзенінің арнасын тазалап, Ақ қайыр каналын қайта қалпына келтіру керектігі айтылды. Тұрғындар құрғақшылық, өзен суының төмендеуіне байланысты мал шаруашылығымен айналысып отырған қожалықтарға өз кедергісін тигізіп отырғанын жеткізді. Бұған аудан әкімі Ерлан Исабеков жауап қайырып, алдығы уақытта арнайы мамандармен бірлесе отырып бұл жұмысты біржақты ететінін атап өтті. Оған арнайы қаражат қарастырылып, мәселенің шешімі бар екенін жеткізді. Мұнан кейін ауыл тұрғындары ҚР Парламентінің депутаты Дания Әлімбаевқа өз ұсыныстарын айтты. Мұнда балықшылар қауымының мұңы, атакәсіппен айналысуда көп кедергі бар екенін баяндады.

2014 жылдан бері Балқаш көлінен жер телімін белгілеу жұмыстары жүргізілмеген. Осының салдарынан көл жағалаған халықтың басым көпшілігі заңсыз балық аулауға мәжбүр болып отыр. Санаулы балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер ауыл тұрғындарын толықтай қамти алмайды, аздаған жұмысшыға ғана заңды балықшы деген атау берумен шектеледі. Қалған балықшылар заңсыз балық аулауда. Сонымен қатар, биыл балық аулауға байланысты жаңа заң жобасы бекітілген. Онда да шикіліктер көп. Мәселен, көлден жер телімін бекіту жүйесі аукцион арқылы өтеді. Бұл мүлде дұрыс емес, бұған қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Аукционның бағасы 500-900 мыңнан жоғары, ол ары қарай өсе береді деген сөз. Қалталы азаматтар ұтып алады да, өмір бойы балықпен айналысып келе жатқан ауыл тұрғындары тағы да далада қалғалы тұр. Бір сөзбен айтқанда, аукцион деген бәйге, кімнің ақшасы көп, сол жеңіске жетеді. Халықтың ол бәйгеге қатысуға шамасы жоқ. Осындай мәселе көтерген тұрғындар ұсынысты министрлікке, арнай комитетке жеткізуді өтінді.

Сұрақ қойған ауыл тұрғндарының арасында Манат Әйнеков тағы бір мәселені көтерді. Ол балық инспекциясына базынасын айтты. Бұл мәселе де балық шаруашылығына байланысты.

— Мәселен, елімізде балық аулауға рұқсат етілетін ау құралы шығарылмайды. Кеңес кезінде Астраханьда шығарылатын балық аулайтын ауды арнайы министрлік тапсырыс беріп, балық шаруашылығымен айналысатын ұжымшарға жіберетін. Қазір ондай жоқ. Біз тек Қытайдан шыққан моно-полемитті жіптен тоқылған ауды қолдануға мәжбүр болып отырмыз. Бұл расында да экологиялық жағынан көп зиян келтіретін құрал екенін біз жақсы білеміз. Бұған мемлекеттен тыйым салынған. Бірақ басқа құрал болмағасын осыны алуға тура келіп отыр. Балық инспекциясы елімізде бұл құралдардың таратылмауын қадағалап, жолын кесудің және мемлекетке нақты ұсыныс айтудың орына балықшыларды заңға тартумен ғана айналысады. Әрине, біз заңға бағынуымыз керек. Дегенмен, заңның да осындай тығырыққа тірейтін шикі тұстары бар. Осы тұрғыда біз, құрметті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Кеңғазыұлы, сізден елімізде рұқсат етілген жібек жіптен тоқылған ау құралын шығаратын кәсіпорын ашылуын, балықшы қауымын осындай ау құралымен қамтамасыз ету жолын қарастыруды және тиісті орындарға осы ұсынысымызды жеткізсеңіз деген тілегіміз бар, – деді ол.

Ауыл тұрғындарын толғандырған тағы бір мәселе – жол, ауызсу. Үш жылдан асса да, ауылға жететін жолдың жыры бітпеді. Жөндеу жұмысын ұтып алған мердігер компания жолдың жұмысын аяқсыз қалдырған. Сонымен қатар, халықтың тұтынып отырған суы тұзды. Жалпы, тұрғындар ауылдағы жалғыз құдықты пайдаланып отыр. Өткен жылы таза ауызсумен қамтамасыз ету бойынша мембрана фильтрі ауыстырылған болатын. Құрғақшылыққа байланысты жер асты суының тұздылығы артып, ішуге жарамсыз болып қалған. Ауыл халқы осы мәселені оңтайлы шешіп берсе деген ұсыныс айтты.

Бұған аудан әкімі Ерлан Шойұлы алдағы уақытта бұл жұмыстар өз шешімін табатынын, қазір арнайы таза су көзін зерттеу мекемесімен келіссөз жүріп жатқанын, сонымен қатар, таза су ауыл маңынан табылмаған жағдайда көрші Дөңши ауылынан бері құбыр тарту жұмысы жоспарда тұрғанын тілге тиек етті. «Осының барлығын есептеп, қайсысы тиімді екенін анықтап, сіздер көтеріп отырған сауалға нүкте қоямыз», – деді аудан әкімі. Ал жол бойынша алдағы сәуір айында жол жөндеу мекемесі жұмыстарына қайта кірісетінін жеткізді.

Бәйшегір ауылдық округінде де бірқатар мәселе қозғалды. Ең бірінші ауыл әкімі Нұрлан Мырзахметов есеп беріп, өткен жылға қорытынды жасады. Ауыл әкімінің есебіне тұрғындар қанағаттанарлық деген баға берді. Бұл ауылда да негізгі көтерілген сауал – жер мәселесі. Ауыл тұрғындарының жайылымдық жері тарылып, мал өсіру бойынша қиындықтар көріп отырғанын айтты. Аудан әкімі бұл мәселеге алдағы мамыр айында шаруашылыққа байланысты аукцион өтетінін айтып, заңсыз жерді пайдаланып отырған тұлғалардың жері мемлекетке қайтарылатынын және осы жайында тиісті мекемеге тапсырма беретінін жеткізді. Ауылдағы интернет, байланыс жүйесін қалпына келтіру бойынша да нақты жауаптар берілді. Бұл тұрғыда байланыс компаниялармен кеңесіп, тиімді шешім шығатыны сөз болды. Сондай-ақ, құрғақшылыққа байланысты ауылда «кекек» деген шөптің пайда болғандығы айтылды. Оны жеген төрт түлік малдың қырылып жатқандығы әңгіме өзегіне айналды.

Бұл мәселе аудан әкімінің назарында болып шықты. «Аталған мәселе бойынша облыстағы арнайы мекемеге хабарласып, мән-жайды анықтадық. «Шөптің атауы «кекек» емес, «кекіре». Бұл бұрыннан бар шөп, тек оның көзін жою үшін арнайы дәрі бар, соны себу арқылы залалсыздандыруға болады. Мамандар осылай деп отыр», — деді аудан әкімі. Өз сөзінде ол алдағы күнде бұл мәселе бойынша ақылдасып, жауапты мекемеге тапсырма беретінін жеткізді. Екі округте де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Әлімбаев жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген әрбір тұрғын сауалдарына тұшымды жауап алды.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Бала қауіпсіздігі – қоғам айнасы

Бала қауіпсіздігі – қоғам айнасы

11.07.2026
Құмар ойын құздан құлатпасын

Құмар ойын құздан құлатпасын

11.07.2026
Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

10.07.2026
Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

10.07.2026
Жолаушыны жол сынайды

Жолаушыны жол сынайды

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.